
Кеше, 8 қазан күні Маңғыстау облысында бірқатар кадрлық өзгерістер болды.
Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Маңғыстау облысының әкімі өкімімен Әміржанов Рақымбек Маршалұлы облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен Сағындықов Жеңісбек Өренұлы облыстық индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысы болып тағайындалды.
Сондай-ақ Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен Төлеуғалиева Гүлзайда Бектұрқызы облыстық тілдерді дамыту басқармасы басшысының қызметіне тағайындалды.
Облыс әкімі Алик Серікұлы Айдарбаев 8 қазан күні өткен аппарат мәжілісінде осы өзгерістер жайлы айтып, жаңа тағайындаулар алып отырған кадрларды таныстырды.
(Тағайындалып отырған кадрлар туралы толық мәліметпен egemennews.kz сайтынан таныса аласыздар).
Суреттер «Лада.kz» және «Тумба.kz» интернет-басылымдарынан алынды.

