Әдебиет • 23 Маусым, 2020

Достоевский қолтаңбасы 5,5 миллион рубльға сатылды

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аукционға қойылған Федор Достоевскийдің қолтаңбасы бар "Өлі үйдегі жазбалар" ("Записки из мёртвого дома") атты кітабы бес жарым миллион рубльға сатылды.

Достоевский қолтаңбасы 5,5 миллион рубльға сатылды

Санк-Петербургтағы аукционда қойылған Достоевский қолтаңбасын мәскеулік коллекционер сатып алған.  Айта кетейік, бұған дейін Достоевский қолтаңбасы бар кітаптар жариялы түрде ресейлік немесе әлемдік аукциондарда сатылмаған.

Ал букинистік аукциондағы сенсациялық лотқа айналған сатылымда Достоевский қолтаңбасына қызығушы алғашында-ақ табылған. 5,5 миллион рубльға сатылған кітапта  Достоевскийдің екінші әйелі Анна Григорьевнаға жазған қолтаңбасы бар ("От мужа, от отца, Анне, дорогой жене и дочери. Ф.Достоевский. 1 окт 1875").

Соңғы жаңалықтар