09 Қазан, 2013

Құрбан айт мерекесіне 3 күн демалыс жарияланды

455 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

09 10-MeshitПремьер-Министр Серік Ахметов демалыс күні 12 қазанды 14 қазанға ауыстыру жөнінде қаулыға қол қойды. Бұл туралы Премьер-Министрдің ресми сайты хабарлады.

Үкімет басшысы барлық еңбеккерлерге қолайлы жағдай жасау үшін демалыс күнін арнайы қаулымен бекітіп отыр. Қаулыға сәйкес қажетті өнім шығару, қаржы қызметтерін қоса алғанда, қызметтер көрсету, сондай-ақ құрылыс объектілерін іске қосу үшін еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша 2013 жылғы 14 қазанда жұмыс жүргізуге құқық беріледі.

Соңғы жаңалықтар