"Республика бойынша жедел-көмек бригадалары күніне 18 мың шақыртуға қызмет көрсетуде. Маусым айында жедел көмек шақырту 10%-ға өсті", деді Б. Жүсіпов.
Оның айтуынша, 15-22 маусым аралығында жедел көмек бригадалары тәулігіне 22 мыңнан астам шақыртуларға қызмет көрсетуде. Өңірлер бойынша Ақтөбе, Қызылорда және Нұр-Сұлтан қалаларында байқалуда.
"Егер де, науқастың өміріне не денсаулығына қауіп төнген жағдайда жедел көмек бригадасының келу уақыты 15 минуттан аспауы тиіс, ал науқастың денсаулығына не өміріне айқын қауіп болмаған жағдайда келу уақыты 60 минутқа дейін өзгереді", деді ол.