09 Қазан, 2013

Атыраудың бұрынғы әкімі Б. Рысқалиевтің әкесі қайтыс болды

411 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

09-10-13-ryskalievy

Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтың әкесі Сәулебай Рысқалиев қайтыс болды. Бұл туралы BNews.kz хабарлады. С.Рысқалиев Атырау облысының Қызылқоға ауданында туған. Өмірінің көп бөлігін Мақат ауданында мұнай саласына арнаған. Ұзақ жылдар бойы оператор, одан кейін «Мақатмұнай» МГӨБ («ЕмбіМұнайГаз» құрылымдық бөлімі) шебер болып істеді. Соңғы жылдары Ақтөбе қаласында тұрып келген Сәулебай ақсақал 78 жасқа қараған шағында өмірден озды. Жұбайы Мәдениет екеуі Бергей Рысқалиевтен басқа экс-мәжілісмен Аманжан Рысқалиді, тағы бір ұл мен қызды тәрбиелеп өсірді. Құрыш Нұрымбет.  
Соңғы жаңалықтар