Спорт • 24 Маусым, 2020

"Барселона" өз криптовалютасын шығарды

521 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Каталонияның "Барселона" футбол командасы өз криптовалютасын шығарған еді, оны жанкүйерлері екі сағатқа жетер-жетпес уақытта талап алып кеткен, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Барселона" өз криптовалютасын шығарды

Биылғы ақпан айында осындай қаржы құралы шығатындығы туралы хабарланып, кейін ол Chiliz атты блокчейн платформасында жасала бастады. Команда атымен аттас BAR деген валюта цифрлық токен түрінде шығарылып отыр. Футбол клубының жақтастары токен арқылы коллекциялық тауарлар сатып алады, сауаланамаларға қатысуларына болады және басқадай команданың қоғамдық өміріне қызуқанды қатсыуларына жаңаша мүмкіндік туғызады.

Әрқайсысы 2 еуро болатын 600 мың коллекциялық зат қолма-қол осы токен арқылы сатылып кеткен. Оған қоса әлемнің 106 елінен осы криптовалютаға қызығушылық танытып, құны 700 мың доллар токенді сатып алған.

Екі күн бұрын BAR токенін сатып алуға үлгемегендер үшін бүгін тағы да криптовалюта шығарылады. Бұл жолы да коллекционерлерге арналған көптеген қызықты дүниелер сатылымға қойылатын болып жатыр.