
Бүгін, 9 қазан күні өткен Әзербайжан Президенті сайлауында қазіргі іс басындағы Мемлекет басшысы Ильхам Гейдароглы Алиевтің жеңіске жеткені белгілі болды. Бұл туралы Әзербайжанның «Ынтымақтастық альянсы» үкіметтік емес ұйымы хабарлады.
Өзінің exit poll мәліметінің алдын-ала нәтижелеріне сүйенген ұйым сайлауда Ильхам Алиевтің (әзербайжанша – Ilham Әliyev) 83,89 пайыз дауыс алғанын атап көрсеткен.
Президент сайлауын өткізген сайлау учаскелерінде жүргізілген сауалдамалар бойынша дауыстар былайша бөлінгені белгілі болып отыр:
Ильхам Алиев - 83,89%
Джамиль Гасанли - 8,20%
Игбал Агазаде - 1,88%
Гудрат Гасангулиев- 1,30 %
Захид Орудж -0,98%
Ильяс Исмайлов - 0,95%
Хафиз Гаджиев- 0,79%
Араз Ализаде - 0,71%
Сардар Джалалоглу- 0,67%
Фарадж Гулиев - 0,63%.
Аталмыш ұйымның exit-poll мәліметтері бойынша, сайлаушылардың саяси науқанға қатысулары 67 пайызды құраған.
Сайлаудың барысын 1,3 мың халықаралық бақылаушылар бақылаған.
Сәкен Майлыбай.