Белгілі болғандай, 24 маусымнан бастап облыс бойынша іс-шаралар, форумдар, көрмелер, конференциялар, семинар, симпозиумдар, сондай-ақ отбасылық, естелік және өзге де бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынды.
Ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметі уақытша тоқтайды.
Сондай-ақ пациенттерді стационарларға жоспарлы жатқызу, скринингтер және профилактикалық тексеру тоқтатылды.
Медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған оқу орындарында, интернат үлгісіндегі карантин және санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау режимі енгізілді.
65 жастан асқан адамдарға үйден шығуға шектеу қою, саябақтарда серуендеуге, туысқандарына баруға, сондай-ақ отбасылық іс-шаралар өткізуге тыйым салынды.
Көкшетау мен Степногорск қалаларының айналасында карантиндік аймақтың периметрі орнатылады және блокбекет орнатумен, кіру/шығу пункттері анықталады. Қалаларға белгілі бір санаттағы тұлғалар ғана кіре алады.
Сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін Көкшетау, Степногорск қалаларының аумағында тұрғындардың және автокөліктің жүруіне тыйым салынады.