09 Қазан, 2013

Әзербайжанның билеуші партиясы жеңіс тойын бастап кетті

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10-10-13-azerbfijan-vybory-1

Әзербайжанның билеуші партиясы Ильхам Әлиевтің президент сайлауында алдын ала есеп бойынша айқын жеңіске жетуіне байланысты тойды бастап кетті. Бұл туралы Trend басылымының тілшісі хабарлады.

«Бүгін Әзербайжан халқы жеңіске жетті», - деді билеуші «Ени Әзербайжан» партиясы штаб-пәтерінің алдында төрағаның орынбасары – партияның атқарушы хатшысы Әли Ахмедов осы партияның кандидаты, қазіргі іс басындағы Президент Ильхам Әлиевтің жеңіске жетуіне байланысты ұйымдастырылған концерттің барысында.

«Әзербайжан халқы Ильхам Әлиевті жеңімпаз етіп шығарып, өзінің келешегі үшін дауыс берді», - деді Ахмедов.

«Осы арқылы әзербайжан халқы тағы да даму жолын таңдады», - дегенді қосты Әли Ахмедов.

Ал концертке дейін мотоциклистердің жарысы болды.

Айта кетейік, exit poll мәліметі бойынша, билеуші «Ени Әзербайжан» партиясының кандидаты, іс басындағы Мемлекет басшысы Ильхам Әлиев бүгінгі сайлауда үлкен айырмашылықпен жеңіп шықты.

Сәкен Майлыбай.

Суретте: ерлі-зайыпты Ильхам Әлиев пен Мехрибан Әлиева қазір ғана сайлауда дауыс беріп шықты.

Соңғы жаңалықтар