
Әзербайжан Президенті Ильхам Гейдароглы Әлиевті 9 қазан күнгі президент сайлауында айқын басымдықпен жеңіске жетуімен бірінші болып Түркияның Президенті Абдулла Гүл мен Премьер-министрі Ердоған құттықтады. Бұл туралы «Dәyәrlәr» интернет-газеті хабарлады.
Әзербайжан басылымы бұл хабарды «Abdullah Gül və Ərdoğan İlham Əliyevi təbrik etdi» деп жариялады.
Бұдан әрі агенттік: «Türkiyə prezidenti Abdullah Gül, hakim Yeni Azərbaycan Partiyasının pezident seçkilərində namizədi, Azərbaycan dövlət başçısı İlham Əliyevi növbəti dəfə prezident seçilməsi münasibətilə təbrik edib», - деп жазды. Демек, «Түркия президенті Абдулла Гүл билеуші «Ени Әзербайжан» партиясының президент сайлауындағы кандидаты, Әзербайжан мемлекетінің басшысы Ильхам Әлиевті жаңадан тағы президент болып сайлануымен құттықтады».
Келесі бір жолдарда: «İlham Əliyev də Abdullah Gülə telefon zənginə görə məmnunluğunu ifadə edib və ilk xarici səfəri Türkiyəyə edəcəyini bildirib», - деген мәлімет беріліпті. Мұның мағынасы Ильхам Әлиев пен Абдулла Гүлдің бір-бірлеріне телефон арқылы қоңырау шалып, алдағы бірінші сапардың Түркиядан басталатынына келіскенін білдіреді.
Ал «Новости-Азербайджан» ақпарат агенттігі бюллетеньдердің 50 пайызы сұрыпталудан өткеннен кейін Ильхам Әлиевтің алған даусының 84,74% болып тұрғанын, яғни оны жақтап1770178 сайлаушының дауыс бергенін жеткізді.
Сәкен Майлыбай.