Жедел-іздестіру жұмыстары барысында "Самара-Шымкент" тас жолының 1509 шақырымындағы Майлыбас елді мекені тұсында ұрланған автокөлік тоқтатылды. Салондағы екі азаматтың бірі қызылордалық болса, екіншісінің Атырау облысының тұрғыны екендігі анықталды.
Ұсталғандар Қазалы ауданының полиция бөліміне жеткізілді. Айғақ зат ретінде алынған автокөлік айып алаңына қойылып, алдағы уақытта иесіне қайтарылатын болады.
Осыдерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.