Аймақтар • 25 Маусым, 2020

ҰБТ талабын жиі бұзудың төркіні қайдан?!

468 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық бірыңғай тестілеу басталғалы 21-24 маусым аралығында 1114 мектеп бітіруші сынақ тапсырып үлгерді. Биылғы тестілеудің қатаң талаптарына қарамастан, цифрлық құралдарды енгізбекші болған 20-ға жуық талапкер аудиториядан қуылды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

ҰБТ талабын жиі бұзудың төркіні қайдан?!

Алғашқы күні Есіл, Степногорск қалаларындағы пункттерде 185 оқушы тест тапсырды. Маусымның 22-23-і күндері Ақкөл, Атбасар, Есіл, Ерейментау, Степногорск қалаларында 383 түлек сынақ тапсыруы тиіс болатын. Алайда, белгісіз себептермен тек қана 366 талапкер ғана пунктке келген, яғни 15 бала келмеген. Әрине, бұл олардың өз құқықтары. Осы күндері де ұялы телефон алып кірмекші болған оқушылар аудиторияға жіберілмеген немесе сынақ барысында телефон пайдаланбақшы болғандары залдан шығарылды. 

Атбасар, Ерейментау қалаларында өткен тестілеуге 240 талапкер қатысу керек болатын, алайда, жетеуі келмей қалды.

"Төрт күн ішінде 1114 оқушы ұлттық бірыңғай тестілеуден өтті, ал, жиырмасы аудиториядан шығарылды. Жалпы, облыста  ҰБТ талаптары мен ережелері бойынша ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстар барынша жүргізіліп жатса да, талапкерлер оны елемеуде. Биыл тестілеуге келмей қалу мен аудиториядан қуылу секілді мәселелер көп орын алып жатыр", – дейді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов брифинг барысында.

Облыс орталығында тестілеу Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің базасында 26-30  маусым аралығында өтеді. Пунктердегі тестілеу ұйымдасқан түрде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай өтуде.

 

Ақмола облысы