Президент • 25 Маусым, 2020

Президент бейбіт жиындарға қатысты көршілес ел тәжірибесін мысал етті

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Ана тілі" басылымына берген сұқбатында бейбіт жиындарға қатысты Өзбекстан тәжірибесін мысалға келтірді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент бейбіт жиындарға қатысты көршілес ел тәжірибесін мысал етті

"Өзбекстанның тәжірибесін мысалға келтіруге болады. Олар өздеріне тән жайлы мінезіне салып, ұрандатып-шулатпай-ақ, қажет кезінде орыс тіліне де жүгіне отырып, тіл мәселесін толық шешіп алды. Менің таңғалатыным, Өзбекстанның мемлекеттік органдарында әлі күнге дейін орыс тілі қолданылады. Тіпті олардың тұтас тарихында да осылай болған. Өзбектер қоғамдық қатынастарды саясиландырмай, еңбек пен саудаға басымдық беріп, ХХ ғасырдың бас кезіндегі аз ғана халықтан қазір Орталық Азиядағы ең үлкен ұлтқа айналды", - делінген Президенттің "Ана тілі" газетіне берген сұқбатында.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Өзбекстан азаматтары ұрандатып шеруге шыққаннан гөрі  жасампаздыққа жетелейтін еңбекпен айналысып жатқанын сөз етті.

"Ұлы Абайдың өзбек халқына қатысты айтқан парасатты ой-пікірі қазіргі технология ғасырында да өзінің өзектілігін жоғалтпағанын байқаймыз. Өзбектер саясатқа құмар емес, олар еңбек еткенді құптайды. Бұл ел көшеде ұрандатып шеруге шығып жүрген жоқ. Қайта жасампаздыққа жетелейтін еңбекпен айналысып жатыр", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар