Өткен 9 айда ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы 3,4 пайызға төмендеді. Биылғы қыркүйекте былтырғы желтоқсанмен салыстырғанда, ауыл шаруашылығы құрылымдары өткізген өсімдік шаруашылығы өнімі 4,1, мал шаруашылығы өнімі 2,5 пайызға арзандады.
Өткен 9 айда ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы 3,4 пайызға төмендеді. Биылғы қыркүйекте былтырғы желтоқсанмен салыстырғанда, ауыл шаруашылығы құрылымдары өткізген өсімдік шаруашылығы өнімі 4,1, мал шаруашылығы өнімі 2,5 пайызға арзандады.
Кеше Астанада «Жас ұлан» әскери әндер фестивалі басталды. Финалға үшінші іріктеу турынан өткен әскер түрлерінің, тектерінің және өңірлік қолбасшылықтардың жеңімпаздары қатысады. Ал лауреаттар гала-концерті 12 қазанда астаналық «Конгресс-холл» концерт залында өткізіледі.
«Қазақстан» арнасы «Шетелдегі қазақ балалары» атты жобаны көрермен назарына ұсынады. Арнайы жоба 13 қазан күні сағат 17.20-да жарыққа шығады. «Шетелдегі әрбір қазақ баласы өзінің «Қазақстан» деген Отаны бар екенін біліп өсуі керек», – дейді жобаға қолдау көрсеткен корпорация басшылығы.
Оңтүстік Қазақстанда үздік ұстаздарға планшеттер сыйға тартылды. Шымкентте кәсіби мерекеге орай өткен салтанатты жиынға аймақтың барлық ауылдарынан жүздеген оқытушы келді.Сонымен қатар, аймақтың үздік 10 мектебіне 14 млн. 928 теңге бөлінді.
«Жұмыспен қамту» бағдарламасы аясында Оңтүстіктің 72 отбасы баспаналы болды. Оларды Бәйдібек, Қазығұрт, Мақтарал, Отырар, Сайрам, Сарыағаш, Созақ, Төлеби, Түлкібас аудандарынан, Арыс, Түркістан, Шымкент қалаларынан бағдарлама санатына жататын әулеттер алды.
«ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.