10 Қазан, 2013

Еуроодақпен ықпалдастықтың жаңа кезеңі

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан сыртқы саясат ведомствосының басшысы Ерлан Ыдырысовтың Еуропа Парламентінің депутаты, Еуропа Халықтық партиясының Вице-президенті Марио Дэвидпен кездесуі өтті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

 

Қазақстан сыртқы саясат ведомствосының басшысы Ерлан Ыдырысовтың Еуропа Парламентінің депутаты, Еуропа Халықтық партиясының Вице-президенті Марио Дэвидпен кездесуі өтті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

Әңгімелесуші тараптар Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақтың сау­да-экономикалық, саяси ынты­мақ­тастығы, ғылым, технология, инновация және энергетика саласындағы жаңғыртулар, со­нымен қатар, аймақтық және халықаралық қауіпсіздік мәсе­ле­ле­рінде өзара әрекеттесу жайын талқылады.

Е.Ыдырысов өткен маусым айында Еуропалық Комис­сиясының төрағасы Жозе­ Мануэль Баррозудың Қазақ­стан­ға сапарының маңызды қоры­тындысы ретінде Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасында кеңейтілген әріптестік пен ынты­мақ­тастықтың жаңартылған шартын дайындауды тездету туралы келісімге қол жеткізілгендігі жө­нін­де хабарлады. ҚР СІМ басшысы алдағы келіссөздер үдерісін ілгерілетуге және келісімдерге қол қоюға Қазақстанның мүдделілігін атап айтты.

Әңгіме барысында қазақстан­дық сыртқы сауданың жартысына жуығы үлесіне тиесілі Еуропалық Одақтың Қазақстанмен ірі сауда-экономикалық әріптестігі туралы әңгіме қозғалды. ҚР-ЕО сыртқы сауда айналымы 2013 жылдың бі­рінші жартыжылдығында шамамен 26 млрд. АҚШ долларын құрады.

Соңғы жаңалықтар