Қызметкерлердің короновирус инфекциясын жұқтырғаны өнеркәс
"Шұбаркөл көмір" АҚ қызметкерлері арасында вахтаға барар алдында ПЦР-тестілеу өткізгеннің арқасында аурудың кеніште жаппай таралуына жол берілмеді.
Бүгінде "Шұбаркөл көмір" АҚ штаттық режимде істеп тұр. Өндірістік процес қандай да бір өзгеріссіз, короновирус инфекциясын алдын алу нұсқауларын мұқият сақтай отырып, іске асырылады. Барлық ғимараттар мен көліктерде санитарлық тазарту және зарарсыздандыру жүргізіледі, маска режимі сақталады.
"Шұбаркөл көмір" АҚ мен ERG өнім тұтынушыларының алдындағы барлық міндеттемелерін алдағы уақытта да толық көлемде орындау үшін қолынан келгенін жасайды.
Барлық қазақстандықтарды жеке қорғану ережелерін мұқият сақтауға шақырамыз: маска кию, антисептикті қолдану, қоғамдық жерлерге қажетсіз бармау, барған жағдайда қауіпсіз қашықтықты сақтаңыздар, делінген хабарламада