Аймақтар • 25 Маусым, 2020

Екібастұзда ауыл тұрғындарына таза ауыз су берілді

524 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теміржол ауылдық округі бөлімшесіне кешенді блок модуль орнатылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Екібастұзда ауыл тұрғындарына таза ауыз су берілді

Ауыз су мәселесін бөлімше тұрғындары 2019 жылдың желтоқсан айында қала әкімі Ержан Иманзаиповтың азаматтарды көшпелі қабылдауында көтерген. Сол кезде әкім ұңғыманы қарап шығып, ауыл тұрғындарына 2020 жылдың бірінші тоқсанында кешенді блок-модуль орнатылатынына уәде берген. 

Осылайша ұңғыманың бұрынғы орнына мердігер ұйым "Гурин" ЖК құны 4 млн 300 мың теңге тұратын кешенді блок модуль орнатты.

Теміржол ауылдық округінің әкімі Ерлан Қасеналинның айтуынша, бұрын тұрғындар орталық Құлакөл ауылынан су тасымалдаған.

Ұңғымадан ішуге жарамсыз техникалық су аққан.

"Қазір су таза, барлық жабдықтар жаңадан орнатылды. Тазалау ультрафильтрді қолданудың арқасында судан зиянды заттар жойылады", - дейді округ әкімі Ерлан Қасеналин.

Ауыл тұрғыны Рымкеш Мұсабекова алғысын білдірді.

"Біз суды орталықтан тасудан шаршадық", - дейді Рымкеш Мұсабекова. - Әсіресе өз көлігі жоқ адамдарға қиын болатын. Өте қуаныштымыз және судың сапасына ризамыз. 

Қала басшылығының атынан ауылдық блок-модульдің ашылуымен құттықтаған қала әкімінің орынбасары Бауыржан Ахметов судың сапасына жоғары баға берді.