10 Қазан, 2013

Сайлау барысын байқауға қатысты

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Ор­та­лық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Әзербайжан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мазахир Панаховтың шақыруымен 2013 жылғы 9 қа­занда өткен Әзербайжан Рес­пуб­ликасындағы президенттік сайлау барысын байқауға қатысты.

 

Қазақстан Республикасы Ор­та­лық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Әзербайжан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мазахир Панаховтың шақыруымен 2013 жылғы 9 қа­занда өткен Әзербайжан Рес­пуб­ликасындағы президенттік сайлау барысын байқауға қатысты. ҚР ОСК төрағасы Баку қаласындағы бірнеше сайлау учаскелерін аралап өтті.

Сапар барысында Қ.Тұр­ған­құлов Қазақстан Респуб­ли­­касының Әзербайжан Рес­пуб­­ли­ка­сындағы Төтенше және өкілетті елшісі Амангелді Жұмабаевпен бірге Әзербайжан ОСК-нің төр­аға­сы Мазахир Панаховпен, сон­дай-ақ, ТМД-дан байқаушылар миссиясының тобымен кездесті.

Қазақстан Республикасынан Әзербайжандағы президенттік сайлауды байқауға ЕҚЫҰ, ТМД және Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің құрамында 49 қысқа мерзімді және бір ұзақ мерзімді байқаушы қатысуда.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар