26 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде және Қостанай қаласында найзағай жарқылдап, бұршақ жауады, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан және солтүстіктен жел соғады. Желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
26 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде және Көкшетау қаласында күн күркіреп, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады. Кей жерлерде жел екпіні - 15-20 м/с. Кей аймақтарда өте жоғары өрт қаупі сақталады.
26 маусымда Батыс Қазақстан облысы кей жерлерінде солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.
Орал қаласында солтүстіктен соққан желдің екпіні - 18 м/с болады.
26 маусым күндіз Алматы облысында және Талдықорған қаласында 36 градус аптап ыстық күтіледі. 26 маусым күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде және Ақтау қаласында шаңды дауыл соғады. Солтүстік және солтүстік-батыстан жел соғады. Жел қарқыны 15-20 м/с жетеді.
26 маусым таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде және облыс орталығында найзағай ойнап, дауыл тұрады.
Солтүстік-батыстан және солтүстіктен жел соғады. Желдің күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Ал күндіз - 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с болады.