10 Қазан, 2013

Жалған кәсіпорындар жарға жығып жатыр

290 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

sur2Қазақстанда 200-ден астам жалған кәсіпорындар қылмыскерлер мен нашақорлардың аттарына тіркеліп келген екен. Оны республика Қаржы полициясы ақпараттық-талдау департаментінің басшысы Олжас Бектенов мәлімдеді.

sur2Қазақстанда 200-ден астам жалған кәсіпорындар қылмыскерлер мен нашақорлардың аттарына тіркеліп келген екен. Оны республика Қаржы полициясы ақпараттық-талдау департаментінің басшысы Олжас Бектенов мәлімдеді.

«Матрешки» қағидатымен тереңдете тексеру жұмыстары бұрын сотты болған, нашақорлықпен айналысып жүрген, мас­күнемдікке салынып кеткен, өлу халінде жатқан кісілердің аттарына тіркелген 200-ден астам жалған кәсіпорындардың бар еке­нін анықтап берді. Сондай-ақ, бұл топтарды ұйымдастырып, басқарып жүрген адамдар да табылды», деді ол.

Тұтастай алғанда, О.Бектеновтің сө­зі­не қарағанда, ситуациялық орталық жұмысының арқасында жалған кәсіп­кер­лікпен айналысушы қылмыстық топтарды анықтау деңгейі айтарлықтай артқан.

«Егер бүкіл 2012 жыл бойына республика бойынша жалған кәсіпкерлік дерегімен 82 қылмыстық іс қозғалған болса, биылғы жылдың 9 айы ішінде ғана анықталған мұндай қылмыстар саны 771-ге жетті. Бы­лайша айтқанда, өткен жылға қарағанда, көрсеткіш 3 есеге жуық көтеріліп отыр», деп атап өтті департамент жетекшісі.

«Бұдан бөлек, ситуациялық орталықтың базасында жалған кәсіпорындардың, олар­дың контрагенттері мен тұлғаларының базасы жасалды. Бұл салықтан заңсыз жалтару мен қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырып алушыларды тез анықтауға мүмкіндік береді», дегенді қосты қаржы полициясының өкілі.

Айта кету керек, Қаржы полициясы агенттігі бұдан бірқатар уақыт бұрын ситуациялық жағдай орталығының тұсауын кескен болатын. Ол болуы ықтимал көлеңкелі және жемқорлық схемаларын дер кезінде анықтап отыруға мүмкіндік беретін автоматтандырылған талдамалы кешен болып табылады.

Құрыш НҰРЫМБЕТ.