10 Қазан, 2013

Есер топтың қолынан қаза тапты

206 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

1347895058 v-poezde-iev-lvov-proizoshla-drakaОңтүстік Қазақстанның Сарыағашында естіген адамның жағасын ұстататын сұмдық оқиға болды. Жастары жиырмадан жаңа асқан өрімдей өрендер өздерінен көп үлкен бір жүргізуші кісіні тепкілеп өлтірді. Бұл туралы «7 арна» хабарлады.

Оңтүстік Қазақстанның Сарыағашында естіген адамның жағасын ұстататын сұмдық оқиға болды. Жастары жиырмадан жаңа асқан өрімдей өрендер өздерінен көп үлкен бір жүргізуші кісіні тепкілеп өлтірді. Бұл туралы «7 арна» хабарлады.

Көше бойымен өрлеп келе жатқан жүгенсіз жастар тобына бір қиылыста әлгіндегі көлік иесі кезіге қалады. Осы жерден бұрыла берген жүргізуші әлгілердің бірінің аяғын басып кетіпті. Сол-ақ екен, ішіп алған жастар дереу жол полициясына хабар берудің орнына, жүргізушіге тап беріп, оны жабылып ұрып тастайды.

Осы соққылардан алған жарақаты салдарынан көлік иесі ауруханаға жатқызылады. Бірақ есін жия алмаған 50 жасар азамат сол жерде жантәсілім етеді.

«Қайтыс болған кісі сол күні кешке ВАЗ көлігін жүргізіп келе жатады. Күдіктілер оны жерге жатқызып алып, аяқтарымен де, қолдарымен де аяусыз соққылайды. Оның денесінде сау-тамтық қалмапты. Басы мен кеудесі жаншылып кеткен. Шамасы, осы алған жарақаттарынан қайтыс болған сияқты. Оны енді сот-медициналық сараптамасы анықтайды», деді Сарыағаш аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Асқар Ешанқұлов.

Қазір күдіктілер түгел ұсталып, жауап беруде. Сол күні кешке олар үйлеріне ішіп алып келе жатыр екен. Енді үстерінен «Кісі өлімі» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сәкен МАЙЛЫБАЙ.

Соңғы жаңалықтар