Қазақстан • 25 Маусым, 2020

Елжан Біртанов Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды

1151 рет көрсетілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Елжан Біртанов Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Елжан Амантайұлы Біртанов Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды.

Елжан Амантайұлы Біртанов 1971 жылғы 18 қазанда Жамбыл қаласында дүниеге келді. Алматы мемлекеттік медицина университетін, Аризона штатының университетін, Ресейде дипломнан кейінгі медициналық білім академиясын, Шарите Университеттік клиникасын (Германия), Тұран университетін, Duke University, Fugua School of Business (АҚШ), Global Executive МВА магистратурасын бітірді.

Алматы қаласында жедел медициналық көмек ауруханасының реаниматолог-дәрігері, Республикалық токсикология орталығының басшысы, Денсаулық сақтау министрлігінің бас токсикологы, Денсаулық сақтау министрлігінің "Денсаулық сақтауды дамыту институты" РМК директоры, Премьер-Министрінің кеңесшісі, "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Денсаулық сақтау вице-министрі, "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ Басқарма төрағасы болып жұмыс істеді.

2014 жылғы мамырдан бастап - Мемлекеттік-жекеменші әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығы басқармасының төрағасы болды. 2015 жылғы 12 қарашадан бастап – Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі болды. 2017 жылғы 25 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарды.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі. Медицина ғылымының докторы.

Соңғы жаңалықтар

Жамбыл жылы жырлайды

Руханият • Кеше

Қай салада жалақы өсті?

Экономика • 27 Ақпан, 2021

Ресей азаматтары алғыс айтты

Аймақтар • 26 Ақпан, 2021

Ұқсас жаңалықтар