10 Қазан, 2013

Мемлекеттік қарызды ұлғайту жағында

229 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

01-пилот 3АҚШ президенті Барак Обама Конгресс пен Ақ үйде елдің мемлекеттік қарызын қысқа мерзімге соңғы шегіне дейін ұлғайтуға дайын екенін мәлімдеді. Президенттің сөзіне қарағанда, бұл дефолтты болдырмау үшін қажет.

01-пилот 3АҚШ президенті Барак Обама Конгресс пен Ақ үйде елдің мемлекеттік қарызын қысқа мерзімге соңғы шегіне дейін ұлғайтуға дайын екенін мәлімдеді. Президенттің сөзіне қарағанда, бұл дефолтты болдырмау үшін қажет.

Екінші жағынан, АҚШ Сенатындағы дерек көзінің хабарлауынша, Огайо штатынан республикашыл-сенатор Роб Портмэн федералдық шығындарды қысқарту және АҚШ-тағы салық салу реформасын жүргізу бойынша өзінің жоспарын ұсынып отырған көрінеді. Алайда, елде бұл мәселе әзірше біржақты шешімін табар емес. Осының салдарынан федералды билік бір апта бойы бекітілмеген бюджет бойынша тіршілік кешіп жатыр. Ал қарызды барынша ұлғайтуды қажет ететін соңғы мерзімге 10-ақ күн қалып отыр.

 

Реформаға наразылар да аз емес

Түркия премьер-министрі Тайып Режеп Ердоған таяу­да елде құқықтық реформа жариялағаны белгілі. Соған сәйкес, Түркиядағы кез келген әйел адам хиджаб киюге мүмкіндік алған болатын. Ол мемлекеттік қызметші, кәсіпкер немесе мұғалім болса да бәрібір.

Осы реформаға байланысты елдегі көзқарас екіге жарылып отыр. Біреулері өткен ғасыр басында Ататүрік негіздеп кеткен зайырлы қоғамға нұқсан келіп қана қоймай, мемлекеттің исламшылданып бара жатқанын көлденең тартса, екіншілері бұл жаңалықты адам құқы бостандығының алғышарты ретінде қабылдайтындарын мәлімдеп, аталған реформаға жан-жақты қолдау білдіруде. Тұтастай алғанда, Түркия басшылығының бұл жаңалығы елдегі жағдайды тұрақтандыруға қызмет ете қоймайтыны анық.

 

01-пилот 2Фукусимадағы жағдай аса қауіпті

«Фукусима-1» АЭС-індегі соңғы жөндеу жұмыстары барысында теңізге 10 тонна радиоактивті су ағып кеткен. Бұл жағдай жұмысшылардың қателігі салдарынан орын алған. Олар радиацияланған су сақталған цистерналардың біріндегі құбырды байқамай ағытып тастапты.

Оқиғадан кейін 6 жұмысшының радиоактивті судан сәуле алғаны белгілі болып отыр. Қазір олардың сәулелену деңгейі тексеріліп жатса керек. Жапон жағы жария етіп отырғанындай, қауіпті су ашық теңізге жайылмаған көрінеді. Өйткені, арнаулы қоршаудан асып кете алмайды екен. Жалпысында, жұмысы тоқтатылған «Фукусимада» осындай оқиғалар айтарлықтай жиі орын алып жатыр. Тек оның соңы үлкен қасіретке душар етпесін деңіз.

 

Сайлауда кімге дауыс берді екен?

Кеше Әзербайжанда президенттік сайлау болып өтті. Онда елдің қазіргі басшысы Ильхам Алиев алғашқылар қатарында дауыс берді. Әзербайжан президенті кезінде өзі оқыған мектептердің бірінде жасақталған сайлау округінде өз таңдауын жасаған.

Қазіргі сайлауға И.Алиев үшінші рет түсіп отыр. Оған мұндай мүмкіндікті бұған дейін ел конституциясына енгізілген өзгерістер берді. Сайлауға одан басқа тағы 9 үміткер қатысса, олардың ішінде оппозиция өкілі Жамиль Гасанлы бар. Үміткер алғашқы турда-ақ 50 пайыздан астам дауыс жинаса, жеңген болып саналады. Ал И.Алиев елді 2003 жылдан бері басқарып келеді. Ол әкесі Гейдарды алмастырғаны белгілі. Соңғы президенттік сайлау 2008 жылы өтсе, онда И.Алиев, ресми деректер бойынша, шамамен 89 пайыз дауыс алған болатын.

 

01-пилот 1Жиһадқа шақырғандар, не хал?

Қытай билігі үстіміздегі жылғы маусымның соңы мен тамыз айы аралығында Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы районында интернетте жиһадқа шақыру туралы үндеу таратты деген күдікпен 139 адамды қамауға алған болатын. Бұл туралы «Чайна Дейли» хабар таратқан еді.

Келесі бір Қытай басылымы – «Глобал Таймстың» деректері бойынша, аталған іске қатысы бар деп саналған 139 адам «жазаланыпты». Бірақ оларға қандай жаза қолданылғаны туралы айтылмайды. Тағы 250 адам интернетте өсек-аяң таратқаны үшін «жаза» алған. Полициядағылардың айтуынша, тұтқындағылар бір-бірімен исламшыл бағыттағы материалдармен алмасқан. Ал террорлық ұйымдарға кіретіндері шабуылдар ұйымдастыруға дайындалыпты-мыс. Қамаудағылардың қай ұлтқа жататындары туралы мәлімет жоқ.

 

Айыпты ұлғайтқанның тиімділігі

Ресейде үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегінен бастап жол жүру ережелерін бұзғандарға қатысты жаңа айып көлемдері белгіленген еді. Содан бергі статистикалық мәліметтер жол жүру ережелерін бұзушылықтың айтарлықтай азайғанын айтады.

Қыркүйек айы бойынша жолдарда тіркелген ереже бұзу фактілері өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 19,9 пайызға қысқарған. Айтарлықтай қысқару (39 пайыз) қызыл шамға қарамастан, теміржол өткелдерінен өтіп кетуге байланысты байқалған. Өйткені, мұндай ереже бұзушылыққа айып 500 рубльден 1 мың рубльге дейін ұлғайтылған екен. Қысқару бойынша екінші орында жүргізушінің жаяу жүргіншіге жол бермеуіне қатысты ереже бұзушылық (33 пайыз) тұр. Оған салынатын айып 800 рубльден 1,5 рубльге дейін көбейтіліпті.

 

01-пилот 1Ұшақты ...жолаушы қондырған

Ұлыбританияда екі орындық ұшақты жолаушы қондыруға мәжбүр болған. Өйткені, ұшқыш есінен танып қалса керек. Оқиға бұрнағы күні кешкісін орын алған. Жолаушы нұсқаушылардың радио арқылы берген кеңесінің көмегімен қатарынан бірнеше рет әрекет жасап, соңғысында ұшақты аман-есен қондыра алған.

Нұсқаушылардың бірінің сөзіне қарағанда, жолаушы бұған дейін ешқашан ұшақ басқарып көрмепті және оның құрылғыларымен де мүлдем таныс емес екен. Бірақ байсалдылық танытыпты. Бұдан бөлек, оған көрмей ұшуға тура келген, себебі, ұшақ кабинасында жарық болмапты, құрылғылардың көрсеткіштері де көрінбеген. Ал ұшқыш ұшақ қонғаннан кейін көп уақыт өтпей, қайтыс болған.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.