Әзірге 5 тексеріс ұйымдастырылды. Тексеріс барысында 15 кемшілік анықталды.
Департамент сондай-ақ мемлекеттік сатып алуларға қатысты да мониторинг жүргізуді қолға алған.
"Әр бөлінген тиын-тебеннің қалай жұмсалып жатқанын бақылаймыз. Мүмкін білместіктен, кейде әдейі бір заттың бағасын көтеріп жатады. Бұл әрекеттерге тосқауыл қоямыз. Облыс бойынша жыл басынан 22 лот бойынша бағаның асыра сілтеуіне жол бермей, 45 млн теңге сомасында қаржыны үнемдеуге қол жеткіздік", дейді облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департаменті басшысының бірінші орынбасары Арман Бердалин.
"Қоғамдық бақылау картасы" аясында бүгінде мемлекеттік қазына қаржысына бақылау күшейіп отыр.