Қоғам • 26 Маусым, 2020

Қорғаныс каскаларын тарту етті

102 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Казгипронефтетранс» инжиниринг компаниясы» ЖШС «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Алматы қаласы филиалына мыңнан аса қауіпсіздік каскасын тапсырды.

Қорғаныс каскаларын тарту етті

«Казгипронефтетранс» инжи­ни­­ринг компаниясы» ЖШС өкіл­­дері Гүлжайна Нысанова мен Эльдар Аха­жанов компания жасаған қауіп­сіздік каска­ла­­рының мыңнан аса дана­сын «Азаматтарға арналған үкі­мет» МК КЕАҚ Алматы қаласы фи­лиа­­лының директоры Данияр Қы­рық­баевқа тапсырды.

Кәсіпорын басшылығы тө­тен­ше жағдай кезінде жедел әре­кет ету үшін әзірленген жос­пар­ға сәйкес шараларды қолға алған болатын. Соның бірі – компа­ния қызметкерлерінің бас­тама­сы­мен, азаматтармен бетпе-бет жұмыс істейтін мекемелер қыз­меткерлері үшін қорғаныс кас­каларын жасауды қолға алған. Олар өздері құрастырған қор­ға­ныс каскаларының бір партиясын Алматы ХҚО-ларының қыз­мет­керлеріне тапсыруға шешім қабылдаған екен.

«Бұл COVID-19 вирусының өршіп тұрған шағында халықпен бетпе-бет жұмыс істеп отырған біздің қызмет­керлерімізге жа­сал­ған үлкен сый болды. Азамат­та­ры­мыздың, оның ішінде біздің қызметкерлеріміздің жағ­дайын ескеріп, осындай қымбат тарту жасағандарыңызға алғысымыз шексіз», деді компания сыйлығын қабылдап алған филиал директоры Данияр Батанұлы.

Алматы қаласында «Азамат­тар­ға арналған үкімет­тің» 17 фронт-офи­сі жұмыс істейді. Онда 950 ма­ман ха­лыққа қызмет көр­се­тіп отыр. Қауіп­сіз­­дік каскалары сол қызмет­керлерге таратылып берілмек.

«Қорғаныс каскаларын жа­сау­­ға компанияның бастамашыл еріктілері көмектесті. ХҚО қыз­меткерлері ха­лық­пен үздіксіз жұмыс істейтін бол­ған­дықтан, 1050 дана қорғаныс кас­­касын «Аза­маттарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Алматы қаласы фи­лиа­лының қызметкерлеріне тегін тапсыруды жөн көрдік», дейді  «Казгипро­нефтетранс» инжиниринг компаниясы» ЖШС өкілі Гүлжайнар Нысанова.

Бұл Алматы қаласы ХҚО-ларына  кәсіпкерлер тапсырған алғашқы тарту емес. Осыған дейін жас кәсіпкер Айдар Жақыпов құны 5 млн теңге тұратын тепловизионды камераны сый­ға тартқан болатын. Аппарат адам­ға жанасусыз, бір мезгілде 1-ден 2,5 метрге дейінгі қашықтықта 30 адамның дене қызуын өлшейді және бетпердесіз тұрғандарды анықтай алады. Аталған камера Медеу аудандық ХҚО-ға орнатылып, бөлім ұжымы оның игілігін көруде.

Осылайша, еліміздің азамат­та­­ры бір-біріне қолдау көрсетіп, ін­деттен аман-есен шығуға кө­мек­­тесуде. Бәрі­міз бірге бол­сақ, қиындықтарды жеңе­тініміз сөзсіз!