Дүниежүзі ғалымдары пандемиядан кейін «әлем енді бұрынғыдай болмайды» деп топшылаған еді. Бұл вирустан кейін әлем қалай өзгеретінін тап басып айта алмаспыз, бірақ доп теуіп жүргендерде өзгеріс байқалады. Жақында футболдан Еуропаның ТОП-5 чемпионатындағы барлық елдің ішкі чемпионаты басталды (Франциядан бөлек, олар чемпионатын аяқтады).

Екі айлық үзілістен кейін Еуропадағы доп додасын Германия бундеслигасы бастап бергені баршаға мәлім. Және ең бірінші болып маусымды аяқтайтын да осы немістер. Германияда чемпионаттың аяқталуына бір тур ғана қалды. Соңғы тур ойындары 27 маусымға жоспарланған. Ал чемпион атанған команда осыдан екі тур бұрын анықталып қойды. Биылғы чемпиондықты қоса есептегенде «Бавария» командасы қатарынан сегізінші жыл үздік атанып, бас жүлдені ешкімге бермей келе жатыр. Чемпионатты ең кейінгі болып Ағылшын Премьер-лигасы жалғастырды.
Жалпы осы төрт чемпионатты бақылай келе, футболдың бұрынғыдай емес екеніне көз жеткіздік. Коронавирус тек футболшыларға ғана емес, футболға да өз әсерін тигізбей қоймапты. Сонымен пандемиядан кейін футбол қалай өзгерді, анығырақ айтқанда вирус футболды қалай өзгертті?
«Көрерменсіз сахна – тұл» дегендей, жанкүйерсіз стадион да – тұл екен. Қанша жерден сүйікті командаң жасыл алаңда барын салып ойнап жатса да, гол соғылғанда қуанып, қақпаға доп өткізіп алғанда футболшымен бірге мұңаятын жанкүйер болмаса, футболда еш қызық жоқ екен. Бұл жағдай футболшыларға да қатты әсер еткен сыңайлы. Сондықтан Испания және Англия футболының ұйымдастырушылары стадионға жасанды дауыс орнатып жатыр. Яғни гол соғылғанда, қақпа алдында қауіпті сәт туғанда стадионда жанкүйерлердің эмоциясын білдіретін жасанды дауыс қойылады. Бір қызығы, бұрындары видео ойындар құрастыратын америкалық EA Sports компаниясы футбол матчтарынан дауыс жазып алатын болса, қазір сол дауыстарды енді стадионның өзінде қолданып жатыр.
Футболшылардың физикалық дайындығы – маусымның басындағыдай. Тіпті одан да нашар деп айтуға болады. Өйткені бұл жолғы үзіліс жаз кезіндегі үзілістен көпке созылып кетті. Сондай-ақ футболшылар маусым аралық кезеңдегідей жаттығу жасап, жолдастық матч өткізе алмады. Ойынның соңында футболшылардың шаршап қалғаны да осы физикалық дайындықтың төмендігінен.
Десе де футболшылар алаңда барын салып, бәрі мүмкіндігінше ойнап жатыр. Мұны олардың футболды сағынғанымен байланыстыруға болады. Сондықтан ойыншылардың тамыры тартылып, жарақат алып қалған жағдайлар жиілеп кетті. Әдетте жоғары қарқында өткен ойындарда осындай жағдай көп кездесетін еді.
Сондай-ақ үш айлық үзіліс футболшылардан бөлек, қақпашыларға да кері әсерін тигізді. Карантин уақытында олардың дайындық жұмыстарын жүргізуі өте қиынға соқты. Оның үстіне жолдастық кездесулердің өтпеуі де қақпашыларға қиындық туғызғаны анық.
Ойындар кестесі өте тығыз жасалғаны бапкерлерге футболшыларды түрлі позицияларда сынап көруге мүмкіндік бермей жатыр. Жаттықтырушылардың басты мақсаты – қалған ойындарды жарақатсыз және тәуекелге бармай ойнап шығу болып тұр. Сонымен қатар футболшылардың техникалық мүмкіндіктері де орташадан төмен екені көрер көзге анық байқалады.
Ал УЕФА-ның командаларға ойын барысында футболшыларды бұрынғыдай үшеу емес, бесеуге дейін ауыстыруға рұқсат бергені жаттықтырушылардың оң жамбасына келді. Себебі бірқатар ойында матч барысында футболшылар жиі жарақат алып жатқанын айттық. Екінші жағынан кездесу тағдырын өзге арнаға бұрып жібере алатын креативті ойыншыларды алаңға шығаруға мүмкіндік туып жатыр. Және бұл кей жағдайда оң әсерін беріп, командаларды жеңіске жетелеуде.
Күнтізбенің тығыз жасалуын кей командалар тиімді пайдаланып жатқанын да айта кету керек. Мәселен, АПЛ-дың рестарттағы ең алғашқы матчының бірі болған «Манчестер Сити» мен «Арсенал» арасындағы ойында «зеңбірекшілердің» бас бапкері Микель Артета «қалалықтарға» төтеп беру мүмкін емес екенін түсініп, алаңға негізгі емес, жастардан құралған аралас құрамын шығарды. Сондықтан ол бұл матчта команданы өрге сүйрейтін ойыншылардың күшін босқа сарқығанша, бар назарды келесі турға қаратқан-ды. Бірақ «Арсенал» келесі турда бәрібір негізгі құраммен «Брайтонды» жеңе алмады.
Жалпы қарсыласына қарағанда әлсіз саналған көп команда осындай стратегиялық қадамға барып жатыр. Испанияда да осы жағдай. Ла Лиганың 29-турында «Эйбар» «Реалға» қарсы өткен ойында негізгі құрамын шығарған жоқ. Өйткені жеңілетінін білді. Ал «Эйбарға» үш күннен кейін өз деңгейіндегі командамен өткен ойын маңыздырақ еді.
Көп жағдайда ойын ырғағы әдеттегіге қарағанда төменірек. Кейбір ойындар бірінші минуттан соңғы минутқа дейін бір деңгейде өтіп жатыр. Сондай-ақ карантиннен кейінгі матчтарда футболшылардың төрешілермен тартысуы да азайған. Өз кезегінде ойыншылар да төрешілердің шешіміне оң көзқараспен және сабырлықпен қарап жатыр. Бір жағынан осылай болуы керек сияқты. Біріншіден, әлемдегі жағдай, яғни коронавирус пандемиясы оларды сабырға шақырса, тағы бір себебі жанкүйерлер оларды қолдап-қуаттамаған соң футболшылар да аса қатты эмоцияға беріліп жатқан жоқ.
Жалпы карантиннен кейінгі футболдың бүгінгі жағдайы осындай... Футбол шынымен бұрынғыдай емес...
Электронды сауда-саттық қайтсе дамиды?
Экономика • Кеше
Мемлекеттік қызметте әйелдердің үлесі қанша?
Қоғам • Кеше
Пандемия гүл нарығына әсер етті
Қазақстан • Кеше
Қаржы • Кеше
Қостанайлық полицей сыныптасын атып өлтірді
Аймақтар • Кеше
400 мыңнан астам ақмолалық электронды-цифрлық қолтаңба алды
Аймақтар • Кеше
Қаржы • Кеше
Түркістан облысында мереке қарсаңында үшем дүниеге келді
Аймақтар • Кеше
Алтай Көлгінов әйелдер күні мерекесімен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Атырауда базарлар мен сауда үйлері күн сайын жұмыс істейді
Аймақтар • Кеше
Низами Ганжәуиге арналған веб-конференция өтеді
Қазақстан • Кеше
Президенттің таңғы серуендегі фотосы жарияланды
Президент • Кеше
Қызылордада Қажымұқан турнирі өтті
Спорт • Кеше
Шымкент қаласының әкімі әйелдер қауымын мерекемен құттықтады
Аймақтар • Кеше
Нұрлан Нығматулин 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Қостанайда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау орталығы ашылады
Аймақтар • Кеше
«Маттео Пеликоне»: Қазақстан үш алтын жеңіп алды
Күрес • Кеше
Мәулен Әшімбаев нәзік жандыларды мерекемен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Елімізде коронавируспен ауырған 238 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Кеше
Қазақстанда 480 адам коронавирустан айықты
Коронавирус • Кеше
Асқар Мамин қазақстандық әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Мемлекет басшысы әйелдер қауымын мерекесімен құттықтады
Президент • Кеше
10 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Қостанай облысының әкімі 100 жастан асқан әжелерді құттықтады
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Маңғыстауда стоматологиялық клиникаға шабуыл жасады
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Қазақстанның қай аймақтарында жолдар ашылды
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Жапония халқы Олимпиаданың өтуіне қарсы шеруге шықты
Әлем • 07 Наурыз, 2021
Елордалық спортшылар қарттар үйіндегі аналарды құттықтады
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Шымкентте тәртіп бұзған қоғамдық тамақтану орындары анықталды
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Атырауда шағын несие кеңсесінен 400 мың теңгені тонап кетті
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналардың 5 қабаттан құлағаны рас па?
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
АҚШ-та COVID-19-қа қарсы 2,9 миллион вакцина салынды
Әлем • 07 Наурыз, 2021
Қызылордада 1000 отбасыға азық-түлік себеті таратылды
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Атыраулық оқушы АҚШ университетінің грантын иеленді
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Салғырт құрылыс компанияларын қара тізімге енгіземіз - Алтай Көлгінов
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Шетелден 307 азамат ПТР анықтамасыз ұшып келді
Қазақстан • 07 Наурыз, 2021
Спорт • 07 Наурыз, 2021
Қостанай қазақ театры көрермендерімен қайта қауышты
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Жансай Смағұлов күміс медальді иеленді
Спорт • 07 Наурыз, 2021
Пневмонияның 52 және 3 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • 07 Наурыз, 2021
Елімізде 568 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • 07 Наурыз, 2021
Елімізде бір тәулікте қанша адам вирус жұқтырды
Коронавирус • 07 Наурыз, 2021
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Елімізде алғаш рет «Домалақ ана» операсы сахналанды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
ШҚО аумағында шектеу шаралары 20 наурызға дейін ұзартылды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Нұр-Сұлтанда 2000 мыңнан астам отбасыға азық-түлік себеті табысталады
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
СҚО полициясында 374 қыз-келіншек қызмет атқарады
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан суперкубогын жеңіп алды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Қазақстандық шорт-трекшілер әлем чемпионатында жартылай финалға шықты
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Алматының ортасындағы көше опырылып қалды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Елорда базарларында жұмыс істейтін әйелдерге еріктілер 600 гүл таратады
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Теңіз кенішіндегі бес автобус өртінің себебі анықталды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Боксшылар әзірге төрт қола алды, тағы екеуі финалда
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Тараз қаласында 135 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Жансай Смағұлов жүлдеге таласады
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Алматының бас санитары Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Экология министрлігі Қарағандыдағы арыстан жөнінде пікір білдірді
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
8 наурыз күні хоккейден балалар турнирі өтеді
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Елорданың Достық үйінде 8 наурызға орай қайырымдылық акциясы өтті
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Оралдық магистранттар қазақ әдебиетін оқиды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Әлем елдеріндегі коронавирусқа қатысты ахуалға шолу
Әлем • 06 Наурыз, 2021
Қазақстан мен Қырғызстан «Қордай», «Ақ жол» өткізу бекеттерінің ашылуын талқылады
Қазақстан • 06 Наурыз, 2021
Қазақстанның қай өңірлері «сары» аймақта тұр
Қазақстан • 06 Наурыз, 2021
Ұқсас жаңалықтар