Парламент Сенаты Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында журналистерге арналған «Аманат» және «Туған ел» байқауларының қорытындысын жариялады. Оған республикалық және өңірлік телеарналардың, мерзімді басылымдардың тілшілері, блогерлер мен телеграмм-арналардың авторлары қатысқан болатын.

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев қатысушылар мен жеңімпаздарға Палатаның заң шығару қызметін дәріптегені және еліміздің күн тәртібіндегі мәселелерді ақпараттық тұрғыда ілгерілетудегі ерен еңбектері үшін алғыс білдірді.
«Былтыр Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде журналистердің кәсіби мерекесі – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні ресми түрде бекітілді. Бұл қадам түрлі оқиғалар мен елімізде қолға алынған реформалар туралы халыққа шынайы және жедел хабар тарататын мамандарға деген құрметтің белгісі. Қазіргі күрделі уақытта журналистер дәрігерлермен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен және еріктілермен бірге коронавирус індетімен күресте алдыңғы шепте жүр. Олар қауіп-қатерге қарамастан, азаматтардың дәлелді әрі дәйекті ақпарат алуы үшін аянбай жұмыс істеуде. Отандық журналистердің қызметі әрдайым жоғары бағаға лайық», – деді Мәулен Әшімбаев.
Сондай-ақ Сенат Төрағасы «Аманат» және «Туған ел» байқауларына ұсынылған еңбектердің кәсіби деңгейде дайындалғанын атап өтті. Оның айтуынша, сессия барысындағы заң шығару қызметі, сенаторлардың сауалдары мен көптеген парламенттік шаралар мазмұнды телевизиялық сюжеттерге, жан-жақты сараптамалық мақалаларға, репортерлік зерттеулер жасауға арқау болған.
Байқауға келіп түскен материалдарды сараптау комиссиялары мұқият талдап, өз бағаларын берді. Комиссия құрамына Сенат депутаттары, белгілі жазушылар мен журналистер енгенін айта кеткен жөн. Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерден бөлек, бірнеше арнайы марапаттар да тағайындалды.
«АМАНАТ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЛАУРЕАТТАРЫ:
Гран-при – Оңғар Тоқанов, «Qazaqstan» телеарнасының тілшісі;
Бірінші орын – Жадыра Жолмұхаметова, «Информбюро» ақпарат агенттігінің тілшісі;
Екінші орын – Лаура Түсіпбекова, «Казахстанская правда» газетінің тілшісі;
Үшінші орын – Татьяна Ковалева, «Zakon.kz» порталының тілшісі.
«ТУҒАН ЕЛ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЛАУРЕАТТАРЫ:
Гран-при – Азамат Қасымов, «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі;
Бірінші орын – «Еуразия» бірінші арнасының» «Сенат online» тележобасының ұжымы;
Екінші орын – Мирлан Алтынбек, «Хабар 24» агенттігінің тілшісі;
Үшінші орын – Әмірболат Хусаян, «Azattyq Ruhy» ақпарат агенттігінің тілшісі.
Байқау комиссиясының шешімімен блогерлерге, танымал жарияланымдардың авторлары мен ерекше ақпараттық материалдарға арнайы марапаттар тағайындалды. Олардың қатарында:
– Ғазиз Әбішев – Abishev Analytics телеграмм-арнасының авторы;
– Иван Сухоруков пен Роман Павлов – «Tengrinews» интернет-ресурсының журналисі және бейнеинженері;
– Ұлпан Бегалина – «Atameken business» арнасының тілшісі;
– Айхан Шәріпов – «AIQYN» газетінің тілшісі;
– Сырым Итқұлов – «Hola news» шеф-редакторы;
– «Ainews» және «Aitube.kz» интернет жобаларының ұжымдары бар.
Ұйымдастырушылар байқауға белсенді қатысқаны үшін барлық қатысушыларға алғыс білдіреді. Осы ретте COVID-19 індетінің таралу қаупі сейілмеуіне байланысты журналистермен дәстүрлі кездесу және лауреаттарды марапаттау рәсімін 2020 жылдың күзіне ауыстыру туралы шешім қабылданды.
Құрғақ уәде «құрғақшылықтан» құтқармайды
Аймақтар • Кеше
Руханият • Кеше
Бір қызық қансонарда түлкі аулаған...
Қоғам • Кеше
Елбасы • Кеше
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да «Парасат жолы» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Сақтандыру нарығының ахуалы қандай?
Қоғам • Кеше
Бейбіт Атамқұлов Италия елшісімен кездесті
Қоғам • Кеше
Өскемен гарнизонында шаңғы тебуден жарыс өтті
Спорт • Кеше
Ақтөбе облысында 10 мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі
Аймақтар • Кеше
Зейнетке ерте шығудың мүмкіндіктері айтылды
Қоғам • Кеше
Мұрат Әйтенов вакцинаның екінші компонентін салдырды
Аймақтар • Кеше
Бақытжан Сағынтаев Францияның бизнес-қауымдастығымен кездесті
Аймақтар • Кеше
Криштиану Роналду әлем рекордын жаңартты
Әлем • Кеше
Алматы облысында заңсыз балық аулаған екі адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Шымкент әкімі тұрғындардың шағымына жауап берді
Аймақтар • Кеше
Атырауда 500 орындық мешіттің іргетасы қаланды
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Германия «жасыл экономиканы» бірлесіп дамуға ниетті
Экономика • Кеше
Батыс Қазақстанда иіс тиген 14 адам ауруханаға жеткізілді
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Ұлы Жеңіске – 75 жыл» кітабының тұсауы кесілді
Әдебиет • Кеше
СҚО-да үсік шалған 5 адамның жағдайы ауыр
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Су тапшылығы мәселелері талқыланды
Аймақтар • Кеше
Алматыда су тасқыны кезеңіне дайындық барысы хабарланды
Аймақтар • Кеше
Елордада қылмыс саны 30%-ға азайды
Елорда • Кеше
«Теңізшевройл» пандемия кезінде Қазақстанға қандай көмек берді?
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда «Парасат жолы» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Елорда • Кеше
Қазақстанда «Спутник-V» вакцинасынан жағымсыз реакция тіркелген бе?
Қазақстан • Кеше
65 жастан асқан адамдарды вакцинациялауға рұқсат берілді
Коронавирус • Кеше
Ерлан Қиясов вакцинациялаудан кейінгі қорғаныш әсер жайында айтты
Коронавирус • Кеше
Павлодар облысында су тасқыны кезеңіне дайындық жүріп жатыр
Аймақтар • Кеше
Мұрат Әйтенов: Шымкенттің әр екінші тұрғыны тәуелсіздік тумасы
Аймақтар • Кеше
26 ақпанда Үкімет отырысы өтеді
Үкімет • Кеше
Атырауда бір күнде 43 адам жарақат алды
Аймақтар • Кеше
Түрмеге келген сәлемдеме арасынан есірткі шықты
Аймақтар • Кеше
Сервистік әкімдік ауылдарға да жетті
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аида Балаева Сума Чакрабартимен кездесті
Қоғам • Кеше
Конькимен жүгіру спорты бойынша ел үздіктері анықталды
Қысқы спорт • Кеше
Алаяқтар Instagram-да жүргізуші куәлігін сатуда
Қоғам • Кеше
Шымкентте 2021 жылы 109 көше жөнделеді
Аймақтар • Кеше
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Батыс Қазақстанда 1549 абонент жарықсыз қалды
Аймақтар • Кеше
Шымкент: 2021 жылы 41 шақырым жылу құбырына жөндеу жүргізіледі
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар