Аймақтар • 26 Маусым, 2020

Өскеменде шектеу шаралары қайта енгізілді

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Азық-түлік сататын дүкендер 8-00 мен 20-00 аралығында жұмыс істейді. 

Өскеменде шектеу шаралары қайта енгізілді

27 маусымнан 11 шілдеге дейін Өскемен қаласында қозғалыс қайтадан шектелетін болды. Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен брифингте Өскемен қаласының бас санитарлық дәрігері Михаил Дерябин мәлімдеді. Өскемен қалалық Полиция басқармасы басшысының бірінші орынбасары Жандарбек Ахметжановтың айтуынша, бұл жолы қаланың шыға берістеріне ешқандай блокпосттар қойылмайды. Алайда қала іші және саяжайлар аумағы қатаң патрульдік бақылауға алынбақ. «Өскемендіктер әдеттегідей жұп және тақ күндер карточкалары бойынша көшеге шыға алады. Карточкалар мен арнайы рұқсатнамаларды қайта алудың қажеті жоқ, барлығы базада тұр» дейді қалалық полиция басшылығы.

Азық-түлік сататын дүкендер 8-00 мен 20-00 аралығында жұмыс істейді. Азық-түлік сатпайтын сауда нысандарының жұмысы кешкі 17-00-ге дейін шектеледі.

Өскемен қаласы бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес жұмыс күндері қоғамдық көліктер 50 пайызға дейін қысқартылып, ал демалыс күндері қоғамдық көліктің жұмысы мүлде тоқтатылады.

 ӨСКЕМЕН