Қоғам • 26 Маусым, 2020

Аида Балаева БАҚ өкілдеріне "Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісін табыстады

547 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева БАҚ өкілдеріне "Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісін табыстады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аида Балаева БАҚ өкілдеріне "Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісін табыстады

БАҚ қызметкерлері күніне орай өткен салтанатты жиында министр Аида Балаева "Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісін "Қазақстан" ұлттық арнасы эфир саясаты анонс бөлімінің жетекшісі Мақпал Үкеноваға, "Хабар 24" телеарнасы жаңалықтар бөлімінің тілшісі Қанат Базылхановқа, "Айқын" газетінің фототілшісі Айтжан Мұрзановқа "Казахстанская правда" газеті спорт бөлімінің редакторы Асқар Бейсенбаевқа, сондай-ақ Қазмедиа орталығы бас директорының орынбасары Райхан Әбдешеваға табыстады.

"Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісімен БАҚ өкілдері марапатталады. Бұл ретте отандық журналистиканың дамуына үлес қосқан және еңбек өтілі 30 жылдан асқан шын кәсіби мамандар қамтылады. Кәсіби мерекеге орай бұқаралық ақпарат құралдары саласының 55 қызметкері ерекше төсбелгі иесі атанды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бейсен Құранбек атындағы "Жігер" сыйлығының лауреаттары анықталғанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар

Үш айда 7 145 жұмысшының құқығы қорғалды

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

1650 адам қала тазартуға қатысты

«Таза Қазақстан» • Кеше

«Жеміс»

Мың бір мысал • Кеше

Дәм сезбейтін аспаз

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Мода дегеніміз...»

Сатира • Кеше

Жеңіс тарихы ұмытылмайды

Өшпес даңқ • Кеше