Спорт • 26 Маусым, 2020

Шайбалы хоккейден 2021 жылға арналған жарыс кестесі жарияланды

18 рет көрсетілді

Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының кезектен тыс жиынында алдағы маусымда өткізілетін жарыстар тізбегі мәлім болды деп хабарлайды Olympic.kz

Делегаттар 2021 жылы Рига мен Минскіде өтетін әлем чемпионатының мерзімін бекітті. Әлемдік дода 21 мамыр мен 6 маусым аралығына жоспарланған.

Сондай-ақ, әйелдер командасы арасындағы әлем біріншілігі 2021 жылдың 7-17 сәуірі аралығында Канадада өтеді.  Әйелдер командасы арасындағы 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасына іріктеу турнирі де келесі маусымға жоспарланған. 

Алдағы маусымның басты бәсекелері қатарында төмендегі турнирлер бар: 

Хоккейден ерлер арасындағы әлем чемпионаты (элита), І,ІІ,ІІІ дивизиондағы (А және В топтары) әлем біріншілігі, 18 және 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионаты.

Соңғы жаңалықтар

Италияда тоғыз жүлде алдық

Спорт • Бүгін, 10:10

Әр сала үздіктеріне құрмет танытты

Аймақтар • 05 Наурыз, 2021

Бағдат Мусин Шымкентке барды

Аймақтар • 05 Наурыз, 2021

Ұқсас жаңалықтар