Қоғам • 26 Маусым, 2020

Қазақстан шекарасынан кімдер кедергісіз өте алады?

424 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҰҚК шекара қызметі шекаралық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғани Ағаділов мемлекеттік шекарадан кімдер кедергісіз өте алатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz тілшісі.

Қазақстан шекарасынан кімдер кедергісіз өте алады?

"11 мамырынан бастап Қазақстанда Төтенше жағдай режимі тоқтатылды, алайда халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін карантиндік іс- шаралар жалғасып жатыр. Ведомствоаралық комиссиясының хаттамасымен мемлекеттік шекараны өткізу тәртібі бекітілді. Тәртіп талабына санитарлық эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін шекарадан өтуге уақытша шектеулер қойылған", - деді ол.

Ғани Ағаділов Қазақстан азаматтары ел аумағына кедергісіз қайтып келуіне, шетелдіктерге ел аумағынан шығуға рұқсат берілгенін атап өтті.

Сондай-ақ, ол мемлекеттік шекарадан кімдер кедергісіз өте алатынын айтты.

"Шектеулер дипломаттарға, ұшақ пен теңіз кемелерінің экипаждарына, пойыз бригадаларына, жүк көліктерінің жүргізушілеріне және тағы басқа тұлғаларға қолданылмайды. Шектеулерге қатысты толық тізбемен ҰҚК-нің knbgovkz сайтында shekaraknbkz аккаунттарында орналастырылған ақпараттармен танысуға болады", - деді Ғани Ағаділов.