Иван-Франковск және Черновицк, Львов, Закарпатск және Тернопольск облыстарында жаңбыр жауып, Украинада ІІМ төтенше жағдай режімін дүйсенбі күні жарияланған.
Сәрсенбі күні төтенше жағдайлар қызметі үш адамның қайтыс болғанын және бір адамның жоғалғанын хабарлады. Украина Сыртқы істер министрлігі Еуропалық одақ пен Солтүстік Атлантикалық келісім ұйымынан елдің батысын су тасқынынан құтқару үшін көмек сұрады. Иван-Франковск облысының прокуратурасы су тасқынына себеп болған ормандағы ағаштарды заңсыз жаппай кесу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
"26 маусым сағат 7.00-дегі жағдай бойынша екі облыста 7 елді мекенде жарық сөнді. 262 елді мекенде 7 731 үй және 13 әлеуметтік-тұрмыстық нысан су астында қалды. 154 шақырым жол, 172 көпір бұзылды, 4 553 жертөлені және 12 411 үй жанындағы жерді су басты", - делінген ведомствоның хабарламасында.
Қолайсыз ауа райының салдарын жою үшін 403 техника мен (екі тікұшақ) 1 225 адам жұмылдырылды.
Мемлекет басшысы В.Зеленский елдегі мәселені дереу шешу бойынша тапсырма берді.