Үкімет • 27 Маусым, 2020

Асқар Мамин БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министр Асқар Мамин қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Премьер-Министрдің Баспасөз қызметіне Egemen.kz сілтеме жасай отырып хабарлайды. 

Асқар Мамин БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

"Құрметті БАҚ қызметкерлері, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!

 

Журналистика — өте қызықты әрі жауапты мамандық. Сіздер күнделікті еңбектеріңізбен елімізде және шетелде болып жатқан оқиғалар туралы халықты және билік органдарын ақпараттандырасыздар, қоғамдық пікір мен адамгершілік құндылықтарын қалыптастырасыздар. Қоғамдық бақылау функциясын орындай отырып, биліктің барлық тармағының жұмысын жетілдіру мен оның тиімділігін арттыруға ықпал етесіздер.

 

Қазіргі қиын уақытта сіздер еліміздегі ахуал туралы жұртшылыққа уақытылы әрі шынайы ақпаратты жеткізе отырып, коронавирус пандемиясымен күрестің алдыңғы шебінде қызмет етіп жүрсіздер.

 

Сіздердің адал еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Қазақстандық БАҚ-тың барлық қызметкерлеріне зор денсаулық, табыс пен амандық тілеймін!" – дейді Үкімет басшысы.