Карантиндік себептерге байланысты ант қабылдау рәсіміне қатыса алмаған ата-аналарға арнайы онлайн-трансляция ұйымдастырылды. Еліміздің барлық өңірінен келген 800-ден астам жас сарбаздар салтанатты түрде Отанға адал болуға ант берді.
Сонымен бірге жауынгерлерге құттықтау сөзін әскери бөлімнің командирі, полковник Сәкентай Шекарбеков бастады. Құттықтау сөзінде ол жас сарбаздардың қырағы және жауапкершілігі мол болу керектігін баса айтты. Сондай-ақ олар өздеріне жүктелген міндеттерді орындағаннан кейін үйлеріне аман-есен оралуларын тіледі.