Көрермен мен оқырман көп жылдар бойы күткен бұл бөлімнің жарыққа шығуы "Тақтар таласы" ("Игра престолов") телесериалының алтыншы һәм жетінші маусымдарымен тікелей байланысты. Мартиннің сөзінше, ол таудағы үйінде тек шығармашылықпен айналысуда. Және ол жазу барысында ілгерілеу бар екенін де атап өтті.
Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығына ұсынылған (2019 жылы) "Мұз бен оттың әні" эпопеясының желісімен түсірілген фильм соңғы жылдардағы ең танымал тележобалардың бірі саналып жүр. Айта кетейік, автор бұған дейін алтыншы бөлімнің жазға салым аяқталатынын айтқан еді.