Аймақтар • 28 Маусым, 2020

Алматыда той өткізген дәмхана жабылды

469 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда санитарлық талаптарды сақтамағаны және карантин кезінде көпшілік шаралар өткізгені үшін "Достлук" кафесінің қызметі тоқтатылды, деп жазады Egemen.kz

Алматыда той өткізген дәмхана жабылды

Ағымдағы жылдың 27 маусымында санитарлық талаптардың сақталуын бақылау бойынша мобильдік топ сағат 08.00-ден 18.00-ге дейін нысандарды аралап шықты. Тексеру барысында санитарлық нормаларды елемейтін нысандар анықталды. Атап айтқанда, "Достлук" кафесі. Кафе аумағында өрескел тәртіп бұзушылықтар анықталды. Бұдан бөлек, көпшілік 100 адамға арналған Банкет (үйлену тойы) өткен. Мекеменің иесіне әкімшілік хаттама толтырылып, іс-шара сол мезетте тоқтатылды.

Эпидемиологтер іс-шараның қонақтарымен қашықтықты сақтау және үй ішінде көп жиналудың алдын алудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. COVID-19 – бұл ауа тамшыларымен берілетін жұқпалы вирус. Жабық ғимарат және адамдардың көптеп шоғырлануы вирустың таралуына қолайлы жағдай жасайды.

Анықталған бұзушылықтарға байланысты кафенің жұмысы тоқтатылды. Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау Департаментінің мамандары әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасады және іс сотқа жіберілді.

Еске салсақ, Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша мониторинг топтары кәсіпкерлік субъектілерінің санитарлық талаптарды сақтауын бақылау бойынша қарқынды жұмыстар жүргізіп жатыр.

Жалпы, Алматы қаласында 5395 нысан тексерілді. Соның ішінде 591 объектіде Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысындағы талаптарының бұзылуы анықталды. Осыған байланысты 571 нысанның қызметі ескертулер жойылғанға дейін тоқтатылады.