Оқиға • 29 Маусым, 2020

Журналистика жампоздары марапатталды

333 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Сенбіде Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың БАҚ қызметкер­лерін кәсіби мерекесімен құттық­тауын жеткізіп, сыйлықтары мен гранттарын табыстады.

Журналистика жампоздары марапатталды

Ең алдымен Дәурен Абаев Мемлекет басшысының ізгі тілегін журналистер қауымына жеткіз­ді. «Сіздердің жазған әрбір мақа­ла­ларыңызда, дайын­даған сюжет­теріңізде елдің мұңы мен мұқ­тажы, ойы мен пікірі, талабы мен тілегі, қоғам дамуының тынысы айқын көрініс тауып отыр. Өйткені жұмыс барысында жұртпен етене араласып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын жүзеге асыруға зор еңбек сіңірдіңіздер. Сонымен қатар кәсіби біліктіліктеріңіз арқылы мемлекетіміздің көш басындағы өркениетті елдердің қатарына қосылуы үшін өлшеусіз үлес қосып келесіздер», делінген Президент құттықтауында.

Қасым-Жомарт Тоқаев панде­мия кезінде денсаулық сақтау, құқық қорғау салаларының қызмет­керлерімен бір қатарда тынымсыз жұмыс істеген жур­налистердің ең­бегін ерекше атап өткен. Одан соң Дәурен Абаев Президент сыйлығы мен грантын табыс­тап, алғы­сын алған шығармашылық ұжым­дарды құттықтады.

Қазақстан Республикасы Прези­­денті­нің бұқаралық ақпарат құрал­дары саласындағы сыйлықтары «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдыр­әліге, «Қазақ әдебиеті» газе­ті­нің бас редак­торы Дәурен Қуатов­қа, «Жетісу» теле­ар­­насы­ның ди­рек­торы Серік Сары­­байға, «Хабар» телеарнасының талда­ма­лық бағдарламалар бөлімінің шеф-ре­дакторы Александр Трухачевке табысталды.

Ал Қазақстан Республикасы Прези­дентінің бұқаралық ақпарат құрал­дары саласындағы гранттары «Qazaq­stan» ұлттық телеарнасының тілшісі Аль­бина Әшімге, «Хабар» телеарнасы тал­д­а­малық бағдарламалар бөлімінің тіл­шісі Мақпал Мадияроваға, «Semei» теле­ар­насының редактор-тележүр­гізу­шісі Маржан Нұрышеваға, «Азат­тық рухы» ақпарат агенттігінің шығарушы редак­торы Жандос Смайловқа берілді.

Қазақстан Республикасы Прези­денті­нің бұқаралық ақпарат құралдары сала­сындағы Алғысымен «Ана тілі» газетінің, «ҚазАқпарат» халықаралық ақ­парат агенттігінің, «Казахстанская прав­да» республикалық газетінің, «Qazaq­stan» ұлттық телеарнасының Маң­ғыс­тау облыстық филиалының шығар­ма­шылық ұжымдары марапатталды.

Сонымен қатар Прези­дент Алғыс хатын «Айқын» республикалық қоғам­дық-саяси газеті сайты­ның редакторы Асқар Бек, «ҚазАқпарат» ХАА муль­­тимедиялық контент бөлімінің басшысы Дулат Нуркин, «Қазақ радиоларының» редактор-жүргізушісі Бағдагүл Рах­мет­­қызы, «Хабар» теле­арна­сының тілшісі Гүлжан Марқабаева, «Казахстанская правда» республикалық газетінің» шолу­шысы Елена Левкович, «Астана ақ­ша­мы» газетінің шеф-редакторы Төлен Тілеубай, «Еуразия бірінші» теле­­­ар­­на­сының тілшісі Айдана Үсенбай алды.

– Бүгінгі марапаттарыңыз құтты болсын! Сіздер бұған әбден лайықсыздар. Еліміздің барлық журналисін кәсіби мерекемен құттықтаймын! Қадамдарыңыз құтты, қаламдарыңыз жүйрік болсын! Еліміздің дамуы үшін ақпарат саласында аянбай еңбек ете беріңіздер, – деді Дәурен Абаев.