Президент • 29 Маусым, 2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтауы

193 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері!

Баршаңызды бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтауы

Өздеріңізге мәлім, былтыр менің арнайы тапсырмаммен 28 маусым Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні болып белгіленді. Осы арқылы бұл сала мамандарының кәсіби мерекесін дербес атап өтуге мүмкіндік жасалды.

Бұдан бір ғасырға жуық уақыт бұрын ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Газет – халық­тың көзі, құлағы һәм тілі» деп баға берген еді. Бұл ұлағатты сөзді қазір тек басылымдарға ғана емес, барлық электронды ақ­парат құралдарына, ақпа­рат агенттіктеріне қатысты қол­дануға болады.

Сіздердің жазған әрбір ма­қа­лаларыңызда, дайындаған сюжет­теріңізде елдің мұңы мен мұқтажы, ойы мен пікірі, талабы мен тілегі, қоғам дамуының тынысы айқын көрініс тауып отыр. Өйткені жұмыс бары­сында жұртпен етене араласып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын жүзе­ге асыруға зор еңбек сіңір­діңіз­дер. Сонымен қатар кәсі­би білік­тіліктеріңіз арқылы мем­лекетіміздің көш басындағы өркениетті елдердің қатарына қосылуы үшін өлшеусіз үлес қосып келесіздер.

Қазақстан журналистикасы өзінің қалыптасу кезеңі­нен бастап мемлекетшілдік, ел­дік, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, осы ұлы ұғымдарға адал болу бағытын ұстанады. Қарымды қаламгерлер қалып­тас­тырған дәстүрді кейінгі тол­қын журналистер де лайық­ты жалғастыра білді. Қазір еліміздегі барлық бұқара­лық ақпарат құралдары Қазақ­станның мемлекеттілі­гін нығай­ту, елімізде жүргізіліп жат­қан реформаларды халық­қа жеткізу жолында күш бірік­тіруде.

Журналист болу үшін кәсіби біліктілікке қоса, батылдық пен та­бандылық керек. Өзгенің мә­се­лесіне жанашырлық таны­тып, әрбір іске жауапкер­шілік­пен қарайтын, жұрт жұмы­сы­на жегіліп, елдің кем-кеті­­гін тү­гендеуге тырысатын, қ­о­­­ғам­­дағы түйткілдерге пара­сат биігінен көз салатын және ұлт­тық деңгейде ойлай біле­тін жур­налисті бүкіл халық құрметтейді.

Ол үшін ең алдымен Отанға деген сүйіспеншілік және елге адал­дық секілді қасиеттер қа­жет. Қазақстанның бұқаралық ақ­парат құралдарының өкіл­дері бүгінде осы тұрғыдан ой тол­ғап, мәселе көтеруге бейімделу­де. Бұл шынайы патриотизмнің көрі­нісі деп білемін.

Сіздердің елге жанашыр­лықтарыңыз қазіргідей қиын-қыстау кезеңде анық байқалды. Қашанда іргелі істің басында жүретін журналистер әлем дамуына кері әсер еткен осынау дағдарыс тұсында алғы шептен табылды. Бүкіл әлемнің тынысын тарылтқан пандемия кезінде сіздер денсаулық сақтау және құқық қорғау қызметкерлерімен бірге аянбай еңбек еттіңіздер.

Отандық журналистер сәт сайын шартарапқа ақпарат таратумен қатар, мемлекет пен қоғамды байланыстыратын алтын көпір қызметін де атқарады. Сіздердің бұл саладағы атқарған істеріңізді жақсы білеміз және бағалаймыз.

Біздің бірлігіміз бекем, мақ­сатымыз ортақ, рухымыз асқақ. Соның арқасында кез кел­ген қиындықты жеңіп, жасам­паз­дық пен өрлеу жолында жаңа белестерді бағындырамыз деп сенемін.

Сіздерге мықты денсаулық, бақ-береке және толайым табыс тілеймін!