Саясат • 29 Маусым, 2020

Партия фракциясының отырысы өтті

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Депутаттық корпус пен Үкіметтің бірлескен жұмысы Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының қажетті заңнамалық негізін қалыптастырып, партияның сайлау алдындағы барлық міндеттемелерін орындауға мүмкіндік берді. Бұл туралы Мәжілістегі Nur Otan партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында талқыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Партия фракциясының отырысы өтті

Партияның «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасының орындалу барысын талқылау бейнеконференция режімінде өтті.

Жиынға қатысушылар бағдарламаны жүзеге асыру барысына ай сайын мониторинг жүргізіп отыру Елбасы, Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұл­тан Назарбаевтың алға қой­ған тап­сыр­ма­сы екенін атап өтті. Сонымен қатар де­путаттық корпус пен Үкіметт­ің бірлескен жұмысы, қажетті заңнамалық негіз құру қазіргі уақытта партияның барлық сайлау алдындағы міндеттемелерінің 90%-ын орындауға мүмкіндік бергеніне тоқталды.

Фракцияның кеңейтілген жиналысына қатысқан Премьер-Министр Асқар Маминнің айтуынша, қазіргі уақытта алда тұрған барлық жоспарланған іс-шаралар мерзімінде орындалмақ. Осы ретте фракция мүшелері сайлау алдындағы мін­деттемелерді орындау олардың тұрақты бақылауында болатынын атап өтті.

Заң жобалары бойынша жұмыс барысында депутаттар партияның алға қойған міндеттерін шешуде, ең алдымен, қажетті қаржы ресурстарын қамтамасыз етудің нақты жолдарын іздестіруге баса назар аударды.

Сонымен қатар Мәжіліс депутаттары ішкі нарықты отандық өнімдер­мен толықтырып, тұрғын үймен қамта­масыз ету, атаулы әлеуметтік көмек­ті тағайындаудағы ашықтық үшін мемле­кеттік органдардың ақпараттық жүйе­лерін «E-Halyk» ақпараттық жүйесімен біріктірудің мерзімдерін аяқтау сынды бірқатар мәселені көтерді.

 

Соңғы жаңалықтар

Тазалыққа жұмылған жұрт

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Сан қырлы қаламгер

Қоғам • Бүгін, 22:20

Жанған хаттан жазу оқыған

Таным • Бүгін, 22:00

«Мона Лиза» көшіріле ме?

Мәдениет • Бүгін, 21:45