10 Қазан, 2013

Қытайда дене мүшелерін сататындар баланың көзін ойып алған

351 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10 10-KitaiҚытайда дене мүшелерін сатумен айналысатындар баланың көзін ойып алды. Бұл туралы Crimson-land.ru хабарлады.

Алты жасар бала аулада ойнап жүрген болатын. Біраз уақыттан соң ата-анасы оның жоғалып кеткенін байқады. Арада төрт сағат өткенде бала жақын маңайдағы алаңнан табылды. «Біз алғашында ол бетін жарақаттап алған шығар деп ойладық. Жерде жатқан ойылған көздерді көргенде төбемізден жай түскендей болды », – дейді баланың ата-анасы.

Қазір бұл бала ауруханада жатыр.

Жалпы, Қытайдағы донор тапшылығы науқастардың сауығып кетуіне елеулі кедергі келтіріп тұр. Мәселен, мұнда жыл сайын 300 мың адам орган ауыстыруға мұқтаж. Ал ота жасатуға осылардың ішінен 10 мың науқастың ғана қолы жетеді.

Куәгерлердің айтуы бойынша, белгісіз бір әйел баланы ауладан жетектеп алып кеткен екен. Полиция сол әйелді басты күдікті ретінде іздестіруде. Оны ұстауға көмек көрсеткендерге 15 мың доллар көлемінде сыйақы тағайындалды.

Айдар Өрісбаев.