10 Қазан, 2013

Хоккей. «Барыс» «Динамоны» буллиттен ұтты

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10-10-13-barys-dinamo-1

Астананың «Барысы» бүгін, 10 қазан күні өз алаңында Мәскеудің «Динамосын» қабылдап, буллиттен ұтты. Бұл туралы Egemennews.kzтілшісі хабарлады. Ойын өте тартысты өтті. Оның бірінші кезеңінде қарсыластар есеп аша алмады. Ал екінші кезеңнің басында (22-минут) мәскеулік Алексей Цветков есеп ашты. Осы есеп көпке дейін өзгермей тұрып алды. Алаң иелері тек кезең аяқталуға жақын қалғанда (37-минут) таразы басын теңестірді. Мұны салған Артемий Лакиза «Барыстың» қатарынан 88 ойын бойына гол соғуын қамтамасыз етті. Бірақ кезең біткенше есеп тағы өзгерді. Ысқырық естілуге 3 секунд қалған шамада Мартиньш Карсумс қонақтарды тағы алға шығарды. Аталмыш латыш ойыншысы 49-минутта есепті 3:1-ге апарды. Осымен «Динамоның» жеңетіні айқындалып қалғандай болған. Бірақ «Барыстың» жігіттері бұлай ойламапты, олар екі рет өздерінің алаңдағы саны артық болып тұрған кезін пайдаланып, гол соғып кетті. Оның біріншісі Роман Савченко түсірсе, екіншісін Дмитрий Уппер өзінің есебіне жазды. Бұдан кейін ойналған овертайм ештеңе шешкен жоқ. Сосын кезек буллитке берілді. Онда шешуші соққыны астаналық Дастин Бойд жасады. Осымен астаналықтар қатарынан екінші рет буллит бойынша бір ұпай алып отыр. Дамир Қожамқұл.