Қазақстан • 29 Маусым, 2020

"Абай ТВ" және "әл-Фараби" телеарналары қашан ашылады?

445 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz

"Абай ТВ" және "әл-Фараби" телеарналары қашан ашылады?

"Қазір жаңа екі телеарна ашу мәселесі қарастырылып жатыр. "Абай ТВ" және "әл-Фараби" телеарнасы. "Абай ТВ" телеарнасы ертең - 30 маусымда көрерменге жол тартады. Ол "Қазақстан" ТРК" құрамына кіреді және  отандық мәдениет мұрасын насихаттайтын арна болады. Оқу жылының басында "Хабар" агенттігінің базасында 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер аудиториясына арналған жаңа білім беру-ағартушылық телевизиялық платформа болатын "әл – Фараби" арнасы іске қосылады",  деді министр.

Отандық сериал өндірісінің дамуы туралы айта келе, А.Балаева биыл 42 сериал өндірісі жоспарланғанын хабарлады. Көрермендерге отбасы құндылықтары, волонтерлердің қызметі туралы қызықты жобалар, педагогтар, дәрігерлер, полицейлердің имиджін көтеруге, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған сериалдар түсіріледі.

Ұқсас жаңалықтар