Қоғам • 29 Маусым, 2020

62 жас маман "Самұрық-Қазына" қорында тәжірибе жинақтайды

265 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

"Самұрық – Қазына" ҰӘҚ" АҚ компаниялар тобы  "Цифрлық жаз" бағдарламасының үшінші толқынын-жас мамандар үшін үш айлық  тағылымдама мерзімін іске қосады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

62 жас маман "Самұрық-Қазына" қорында тәжірибе жинақтайды

Бағдарлама қазақстандық жоғары оқу орындарының бакалавриат және магистратура студенттеріне Қордың 11 портфельдік компанияларында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді. 2018 және 2019 жылдардың қорытындысы бойынша бағдарлама өзінің тиімділігін көрсетті. Осылайша, жоба іске қосылған сәттен бастап Қордың компаниялар тобына 43 стажер жұмысқа орналасты.

Ағымдағы жылдың екі айы ішінде 2289 өтінім өңделді, 29 асессор тартылды. Қазіргі уақытта 41 финалист 4 кезеңді іріктеуден сәтті өтті және "Цифрлық жаз 2020" бағдарламасы бойынша 2020 жылдың 1 шілде-31 тамыз аралығында тағылымдамадан өтуге дайын. Сонымен қатар, жобаның 21 қатысушысы - алынған сертификат негізінде қатысуға рұқсаты бар Бағдарламаның өткен жылғы түлектері.

Өтінімдер әлеуметтік желілердегі таргеттелген жарнама, жастар ұйымдарына ақпарат тарату, сондай-ақ еліміздің жоғары оқу орындарына ресми хаттар арқылы тартылды.

Жаңа шарттарға сәйкес, бағдарламаға тек IT саласындағы мамандар ғана емес, сонымен қатар HR, әкімшілік қызмет, инженер-технологтар, инженер-механиктер, химиктер-технологтар, техникалық мамандықтар, геологтар мен мұнай-газ ісінің мамандары, инженер-экологтар тартылды.

Сонымен қатар тағылымдаманың географиялық қамтылуы кеңейтілді. Егер өткен жылы тағылымдама Нұрсұлтан және Алматы қалаларында өтсе, биыл қатысушылардың келесі қалаларда: Нұр-сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда және Екібастұз қалаларында тағылымдамадан өтуге мүмкіндігі бар.

Айта кету керек, әрбір қатысушыға компания қызметкерлері арасынан жеке тәлімгер бекітіледі. Сонымен қатар қатысушылар 50 000 теңге көлемінде ай сайынғы стипендия алатын болады

2019 жылы тағылымдамаға 53 қатысушы қабылданды, оның ішінде 11 тағылымдамадан өтуші Қор компанияларында жұмысқа шақырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Қордың Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов "Цифрлық жаз" бағдарламасына оң баға берді. Бұл бағдарламаның бірегей ерекшеліктерінің бірі SAP, Microsoft, Oracle, Cisco, HP, IBM, Huawei ірі агломерат өнімдерімен жұмыс істеудің практикалық тәжірибесі, сондай - ақ жыл сайынғы Хакатон өткізу болып табылады.