Президент • 29 Маусым, 2020

Азаматтарға емдеудің протоколын, алгоритмін жеткізу керек - Президент

459 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев індеттің кең таралуына байланысты тұрғындардан арыз-шағым көп түсіп жатқанын жеткізді. Бұл туралы Берік Уәли жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz

Азаматтарға емдеудің протоколын, алгоритмін жеткізу керек - Президент

"www.coronavirus2020.kz сайтына қырық мыңға жуық сұрақ келіп түсті. Қазіргі таңда оның үштен біріне ғана жауап берілді. Мұндай қарым-қатынастың нәтижесінде теріс әрі жалған ақпараттар өршіп тұр. Бұл біздің жұмысымызды одан сайын қиындатуда", - деді Президент.

Мемлекет басшысы ақпараттық жұмыстарға қатысты тәсілді түбегейлі өзгерту керек екенін айтты.

"Телеарналардан, тікелей эфир арқылы дәрігерлерден кеңес алып, сұрақтарына жауап алатын күнделікті бағдарламаларды ұйымдастыруға неге болмайды? Азаматтарға емдеудің протоколын, алгоритмін жеткізу керек. Дәрі-дәрмектер, оны пайдалану жөнінде түсініктеме беру қажет", деді Президент.