Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен провизорлық стационарға басқа емханалардағы дәрігерлер мен медбикелер қосымша жұмысқа алынған. Қалалық ауруханадағы салалық дәрігерлердің бәрі провизорлық науқастарды қабылдап, тек соларды емдеумен айналысатын болады. Сонымен қатар науқастардың кезекке тұру мәселесі реттеліп, емдеу мекемесінде cаll орталық ұйымдастырылды. Мұндағы жедел көмек көрсету бөлімі мен жарақат бөлімі облыстық ауруханаға көшірілген.
"Біз Қостанай тұрғындарын сабыр сақтауға шақырамыз. Қазір дәрігерлер күшейтілген режімде жұмыс істеп жатыр. Сіздер бас санитарлық дәрігердің нұсқауын орындау арқылы, бізге көп көмек тигізетіндеріңізді түсініңіздер. Жасырын жиын өткізуді, қонаққа баруды, қонақ шақыруды қойыңыздар. Үйден беталбаты шықпаңыздар. Жақындарыңызды, туыс-туғандарыңызды қорғаңыздар", - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Қостанай облысы