Жарты әлемге шеңгелін салған коронавирус індеті соңғы тәуліктерде өңірлерде де өршіп тұр. Облыста 472 адамнан індет анықталса, ауру белгілері байқалмайтын 597 науқас бар. 13 адам қайтыс болған. Осыған орай, қатердің бетін қайтаруға септігі тиеді дейтін қатаң шаралар қолға алынуда.

Дерт дерегі көп шыққан облыс орталығы мен Степногорск қаласында карантин шектеулері барынша күшейтілетін болды. 24 маусым күні сағат 00.00-ден бастап Көкшетау қаласы карантинге жабылса, маусымның 26-ы күні дәл осындай қатаң шаралар Степногорск қаласында жүзеге асырылды. Барлық көлік түрлері бұл қалалардың аумағына кіріп-шығуға тыйым салынды. Тек транзиттік жүк көліктері мен азық-түлік тасымалдайтын көліктерге ғана рұқсат етіліп отыр. Тиісті органдар екі қала тұрғындарына да сақтану шаралары туралы түсінік жұмыстарын жүргізуде.
– Өңірімізде коронавирус пандемиясымен күрес біршама тиянақты жүргізілуде, – дейді облыстық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина, – халықтың денсаулығын сақтау үшін қажетті барлық шаралар қолға алынуда.
Басқарма басшысының айтуына қарағанда, негізінен антибактериалды терапияға цефриаксон, цефтазидим, цефуроксим, лавофлоксацин тәрізді препараттар қолданылады екен. Бүгінгі таңда бұл дәрілерге медицина мекемелері тарапынан сұраныс артып отыр. Дәрі-дәрмектің тапшылығының басты себебі, баға айырмашылығында тәрізді. Мәселен, дәріханаларда қымбат препараттар жеткілікті мөлшерде болғанымен, көпшілік жиі тұтынатын арзанқолды дәрі-дәрмек сөрелерде жатпайтын көрінеді. Осыдан барып ел ішінде дәріханаларда дәрі жоқ деген қауесет тарап кеткен.
Өңірдегі медицина мекемелерінің дәрі-дәрмек қоры үстемелеп толтырылмақ. Бүгінгі таңда «Арша» медициналық кәсіпорны Көкшетаудың медицина мекемелерін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіп келеді. Бұл кәсіпорын үш дәріханасы арқылы дәрі-дәрмек сатуда. Басшыларының айтуына қарағанда, аспирин, парацетамол сынды әдетте жиі қолданылатын дәрілер жеткілікті.
Орын тапшылығын жою үшін Есіл мен Жарқайың аудандарында, Атбасар қаласында жаңа орындар жасақталуда. Облыс әкімінің орынбасары Мәлғаждар Тәткеевтің айтуынша, Бурабай ауданында елді мекеннен біршама алыстау орналасқан жастар ғимараты бос тұр. Ендігі мәселе, ғимарат иесімен келіссөз жүргізу.
Облыс орталығында жүк тасымалдауды сылтауратып, заңсыз кірген тұрғындар да анықталған. Бұл мәселені шешу үшін тәртіп сақшылары мен медицина мамандары тәулік бойы карантин шараларын қатаң бақылайтын болады. Блок бекеттерде жұмыс істейтін барлық қызметкерлерге арнайы талап қойылған. Олар әрбір екі сағат сайын бекет аумағын зарарсыздандырып отыруы тиіс. Барлығы арнайы киімдермен және қажетті құрылғылармен қамтамасыз етілген.
Ақмола облысы
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Бүгін, 10:33
Өлтіріп кеткен: Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді
Экономика • Бүгін, 09:45
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:20
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда халықаралық форум өтті
Аймақтар • Кеше
Азаматтарға арналған үкімет өзінің кадрлар резервін жасақтайды
Аймақтар • Кеше
Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фотогалерея • Кеше
Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Екі қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік ондығына енді
Спорт • Кеше
ШҚО ауыл шарушылығы бойынша алдыңғы қатарда
Аймақтар • Кеше
Экология вице-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды
Экология • Кеше
Ұқсас жаңалықтар