«Жаман тұмаудың» Арқа төсіндегі арынының басылатын түрі көрінбейді. Қолдағы дерекке сүйеніп айтар болсақ, індетке қатысты аурушаңдықтың еліміз бойынша өсімі 2,4 пайыз болса, Қарағанды облысындағы көрсеткіш 4,4 пайызды құрайды екен. Сол себепті де, тығырыққа тіреген мұндай жағдайдың жергілікті атқарушы билікті қатты алаңдатып отырған жайы бар.

Кеншілер астанасында Saryarqa телеарнасының эфирінде өткен брифингте өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Асқаров Қарағанды облысында 27 маусымнан бастап карантиндік шектеулердің күшейтілетінін мәлімдеген болатын.
Брифинг барысында ол бұл шешімнің қандай себептермен қабылданғанын егжей-тегжейлі түсіндірді. Індеттің өршуіне маскалық режім мен әлеуметтік қашықтықтың сақталмауы бірден-бір себепкер болған. Яғни тұрғындар карантин жағдайында қойылатын талаптарды тіпті де елең қылмайды екен. Қауіпсіздік ережелерін адамдардың өздері де, кәсіпорындардың әкімшілігі де сақтамайтын көрінеді.
– Арнайы құрылған мобильдік топ қызметін қайта бастаған 153 нысанды тексергенде, ол жерлерде бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қаулысының талаптары бұзылғанын анықтады. Негізінен, мұндай жағдайлар қоғамдық тамақтану, сауда, қоғамдық көлік нысандарында анықталды, – деді Қ.Асқаров.
Міне, осындай күрделі жағдайда коронавирус инфекциясының әрі қарай таралуына жол бермеу мақсатында бүгіннен бастап қосымша шаралар енгізілетін болды. Бір сөзбен айтқанда, Қарағанды облысы бойынша карантин режімі қатаңдатылады. Атап айтқанда, халыққа қызмет көрсету орталықтары қысқартылған жұмыс күні тәртібіне көшіп, сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін ғана жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі онлайн режімінде ұсынылады. Қала ішінде қоғамдық көліктердің жүру уақыты шектеліп, енді олар сағат 06.00-ден 21.00-ге дейін ғана тұрғындарға қызмет көрсете алады. Жолаушылар салонға алдыңғы есік арқылы ғана кіретін болады. Ал шығар кезде барлық есіктер бір мезетте ашылуы тиіс. Бұл талаптардың сақталуы қатаң түрде бақылауға алынады. Таксилерге тек бір жолаушыны немесе кәмелетке толмаған екі баланы ертіп жүрген бір ересек адамды ғана тасуға рұқсат беріледі.
Аурудың айылын жимай тұрғанына отбасылық түрлі жиындар, той-томалақ, еске алу іс-шараларының тыйылмай тұрғаны да түрткі болып отыр, дейді облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері. Мұның бәрі коронавирус инфекциясы жағдайларына талдау жүргізу барысында мәлім болған.
– Көптеген жағдайларда науқастар өздерінің ауру жұқтыруын үй жағдайында, мейрамханаларда, дәмханаларда өткізілетін түрлі жаппай салтанатты, отбасылық, еске алу іс-шараларына қатысқанымен байланыстырады. Індет одан әрі өршіген жағдайда, амал жоқ, қоғамдық тамақтандыру нысандарының жұмысын үйге жеткізіп беру режіміне ауыстыру мәселесі қаралады, – деді Қ.Асқаров.
Бұдан бөлек, бұрын енгізілген карантиндік шектеу шаралары сол беті қалады. Мәселен, 65 жастан асқан адамдарға аса қажетсіз көшеге шығу шектелген. Жасы 14-ке дейінгі балалардың ересектерсіз жүруіне, отбасы мүшелерінен басқа, үш адамнан артық адамдардың жиналуына тыйым салынады. Қоғамдық тамақтану нысандарында келушілердің саны 30 адамға дейін шектелген, әлеуметтік арақашықтық пен отырғызу және жұмыс тәртібі сағат 08.00-ден 22.00-ге дейін сақталады. Бұқаралық (ұжымдық) іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Сондай-ақ сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің (орталықтарының), азық-түлік және азық-түлік емес базарларының жұмыс күндері мен демалыс күндері жұмыс уақыты шектеулі. Демалыс СОО, сауда үйлері және азық-түліктік емес дүкендер сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді. Базарлар міндетті санитарлық күнге жабылады.
Облыстың бас санитарлық дәрігері бетперде тағудың дым көмегі жоқ деген ағайынның пікіріне қарсы нақты дәлелге негізделген уәж айтты.
– Бетпердені тағып жүру індет жұқтырудың алдын алуға көмектеседі, – деді ол. Дұрыс пайдаланған жағдайда бұл маска вирус жұқтырған адамның сілекей шашырандыларын жібермей ұстап қалады. Сонымен қатар, ол кірленген қолдары бетіне жиі тиетін адамдардың ауыз бен мұрын қуысы ішіндегі шырышты қабаттарын қорғайды. Мәселен, ауырмаған адамның қолына микроб тозаңы жұғады да, оның былғанған сол қолдары бетіне тиеді. Содан барып микро-
организм мұрын, ауыз, көздің шырышты қабаттарына жұғып, әлсіреген иммунитеттің жағдайында ағзаға түгел тарайды.
Брифинг соңында Қарағанды облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Қ.Асқаров тұрғындарды карантиндік шектеу талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің тұрғындарды дәл осылайша тәртіпке шақырып келе жатқанына да біраталай уақыт болды. Бірақ ащы да болса айтайық, ауа жайылған жұрттың оған құлақ асар түрі көрінбейді. Өткен жексенбі күні өңірде тағы да 137 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны зертханалық негізде расталды.
ҚАРАҒАНДЫ
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Бүгін, 10:33
Өлтіріп кеткен: Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді
Экономика • Бүгін, 09:45
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:20
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда халықаралық форум өтті
Аймақтар • Кеше
Азаматтарға арналған үкімет өзінің кадрлар резервін жасақтайды
Аймақтар • Кеше
Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фотогалерея • Кеше
Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Екі қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік ондығына енді
Спорт • Кеше
ШҚО ауыл шарушылығы бойынша алдыңғы қатарда
Аймақтар • Кеше
Экология вице-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды
Экология • Кеше
Ұқсас жаңалықтар