Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың өкімімен, ҚР Президент Әкімшілігінің келісімімен Жылыой ауданының әкімі болып Хәлел Жамалов тағайындалды, - деп жазады Egemen.kz

Хәлел Жамалұлы 1962 жылы 15 тамызда Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1985 жылы Алматыдағы В.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген. Мамандығы – инженер-механик.
Еңбек жолын 1985 жылы Оңтүстік-Ембі мұнай барлау экпедициясында дизелист болып бастап, 1985-1989 жылдары аталған экпедицияда машинист, механик болып жұмыс істеді. 1989-1991 жылдары "Теңізмұнайгаз" өндірістік бірлестігінің Теңіз технологиялық көлік басқармасында МТҚ бөлімінің жетекші инженері, бөлім басшысы, бас инженер лауазымдарын атқарды.
1991-1999 жылдары аралығында коммерциялық кәсіпорын басшысы, бөлім басшысы, маркетинг бөлімінің бас менеджері болды. 2000-2002 жылдары "Горизонт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас менеджері, 2002-2004 жылдары «Бұрғылау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары болып жұмыс істегді.
2005 жылдың қаңтарынан бері "Горизонт" ЖШС бас менеджері. Жылыой аудандық мәслихатының 4, 5, 6 шақырылымдарына депутат болып сайланды.
Өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов Жылыой ауданы әкіміне ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету, жұмыспен қамту, тұрғын үй, сумен қамтамасыз ету, әлеуметтік нысандар салу, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.
Көрнекі ақпарат қатесіз жазылуы тиіс
Парламент • Бүгін, 08:12
Жоғымызды іздейтін жанашырларымыз бар
Қазақстан • Бүгін, 08:10
Қазақстан • Бүгін, 08:09
Қоғам • Бүгін, 08:05
Елбасы • Бүгін, 08:04
Елбасы • Бүгін, 08:01
Мықты мәдениет – руханият қайнары
Аймақтар • Бүгін, 08:00
Құрғақ уәде «құрғақшылықтан» құтқармайды
Аймақтар • Кеше
Руханият • Кеше
Бір қызық қансонарда түлкі аулаған...
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да «Парасат жолы» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Сақтандыру нарығының ахуалы қандай?
Қоғам • Кеше
Бейбіт Атамқұлов Италия елшісімен кездесті
Қоғам • Кеше
Өскемен гарнизонында шаңғы тебуден жарыс өтті
Спорт • Кеше
Ұқсас жаңалықтар