Қазақстан • 30 Маусым, 2020

7-11 шілде аралығында қазақстандықтар Ресейден эвакуацияланады

519 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Эйр Астана" Ресейден Қазақстанға оралғысы келетін отандастарымыз үшін Мәскеуден чартерлік рейс бағыттауды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді. 

7-11 шілде аралығында қазақстандықтар Ресейден эвакуацияланады

"Рейс Домодедово әуежайынан Нұр-Cұлтан немесе Алматыға 2020 жылдың 7 және 11 шілде аралығында ұйымдастырылады. Билеттер бағасы бір жаққа − Нұр-Сұлтанға 250 доллардан (шамамен 100 мың теңге) және Алматыға 300 доллардан (шамамен 120 мың теңге) басталады", − делінген хабарламада.

Елге оралам деушілер арнайы формадағы өтінімді толтыру қажет. Компания сіздің өтініміңізді алғаннан кейін 72 сағат ішінде байланысуға уәде береді. Сондай-ақ +7 (495) 287 70 08/09 телефонына хабарласуға болады.