Қазақстан • 30 Маусым, 2020

Сиқыршы Камал Қоңқараев өмірден озды

769 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Танымал сиқыршы, иллюзионист Камал Қоңқараев қайтыс болды. Бұл туралы актер Ринат Уәлиев Facebook парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz. 

Сиқыршы Камал Қоңқараев өмірден озды

"Камал ағамыз кеше қайтыс болыпты. Жүректен кетті. Жеңгеміз бұған дейін ешқандай ауру-сырқауы болмағанын айтады. Есіктің алдында жұмысшыларымен жұмыс істеп жатқан. Сол кезде аяқ астынан жүрегі ұстап, қайтыс болған екен", - деп жазды Ринат Уәлиев. 

Оның айтуынша, Камал Қоңқараевты ақтық сапарға шығару рәсімі ертең таңертең өтеді. 

Айта кетейік, Ғабдикамал Қоңқараев 1956 жылы 28 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданында дүние келген. Өмірінің соңына дейін тек сиқыр өнерімен айналысып, халықтың ықыласына бөленген азамат.